Жаңалықтар

08.07.2013
Қыстың қамы бүгіннен

Жылда қыстың қам-қарекетіне қамданған ауылдағы шаруалар өткен жылы мал азығының тапшылығын көріп, едәуір қысылған-ды. Олардың кейбірі тіпті қырды тастап, сай-салаға шалғы салып кетті. Әйтеуір, әупірімдеп жүріп барынша қысқа әзірленді. Әйткенмен, әдетте долданып тұратын қаһарлы қыс бұл жолы бүйірден қыспады. ...Қарасқаны болар, мал жан аман, бас бүтін шықты. Бірақ бүгінде бұған шаруагерлер тоқмейілсіп отырған жоқ, жылдағы әдетінше шөп шабу науқанына білек түріп кірісіп кетті.
13.06.2013
Адамгершілік асыл құндылық

«Тәрбиесіз білім - адамзаттың хас жауы» деген Әл-Фараби бабамыз. Бүгінгі жастардың көзі ашық, көкірегі ояу дегенімізбен, олардың бірқатарының тәрбиеден сүрініп, адамгершіліктен аттап кететін тұстары бар. Бір әттеген-айы, мұндай олқылықты мемлекеттік қызметкерлер арасында да байқауға болады. Мансапқа масайраған кейбір мемлекеттік қызметкерлердің «есіктен кірмей жатып, төр менікі» дейтін ұстанымға өздері де сенетіні, өзгені де сендірмек болатыны қынжылтады.
12.06.2013

20-26 мамыр күндері Литва мемлекетінің Каунас қаласында пауэрлифтинг (жатып көтеруден) Әлем чемпионаты болып өтті.
10.06.2013
Ауданда ЎБТ басталды

4 маусым кїні аудан бойынша Ўлттыќ бірыѕєай тестілеу басталды. Ўлттыќ бірыѕєай тестілеу Ќандыаєаш ќалалыќ №3 мектеп-гимназиясында ґтеді. Алєашќы кїнде 220 тїлек сынаќ тапсыратын болса, 6 маусымда 215 тїлек тапсырады. Ўлттыќ бірыѕєай тестілеу пунктінде мемлекеттік жјне апелляциялыќ комиссиялар жўмыс істеуде.
07.06.2013
«Намыс Ақтөбе» ел чемпионы

17-23 мамыр күндері Шымкент қаласында қол добынан ел чемпионатының қорытынды 5 тур ойындары өз мәресіне жетті.
05.06.2013
Кандыагаш станциясы үздік

Ақтөбе жол бөлімшесінің жүрегі, артериялық қан-тамыры саналатын Қандыағаш стансасының өткен жыл қорытындысы бойынша, салалық жарыста бірінші орыннан көрінуі еш күмән туғызбағаны анық. Себебі, Қандыағаш стансасы соңғы бес жылда үшінші рет қара үзіп отыр.
03.06.2013
328 адам – донор

Өткен аптада аудандық орталық ауруханада «Донор күні» өтті. Қан тапсыру акциясына мемлекеттік мекеме, денсаулық, білім, теміржол салаларының және кәсіпорындар мен коммуналдық мекемелердің қызметкерлері белсенді қатысты.
30.05.2013
Салықтарды төлеу - әркімнің борышы әрі міндеті

Салық экономикалық категория ретінде ежелгі заманнан бері мемлекеттің негізі болып саналады. Салықтар арқылы мемлекеттің қоғам алдындағы қойылған мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы қаражаттың бірден-бір көзі екені белгілі. Қарапайым тілмен айтқанда, салықты жинау арқылы мемлекет зейнеткерлердің зейнетақыларын, қоғамның аз қамтылған топтарына әртүрлі жәрдемақыларын, бюджет саласындағы қызметкерлер мен қызметшілердің еңбекақыларын уақытылы төленуі жүзеге асырылады.
28.05.2013
Мұраты биік тұлға

Ол алпысқа әркім бой таластырмас, ой санастырмас өз биігінде жетті. Биіктікті биліктің шенімен әлде шегімен өлшейтіндердің қатарынан емес, оның беделінің бағасын Тәңірінің өзі берген алысты жақын етер көркем мінезінің арқасында өз халқының алғысы мен ықыласы арттырды.
27.05.2013
Мұғалжарлықтар Ресейде

Ресейде Ұлы Отан соғысы кезінде хабарсыз кеткен жауынгерлердің сүйектерін іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нижный Новгород облысында екі аптаға созылған іздестіру жұмыстарына Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің 28 жасағы қатысты. Оның ішінде 3 жасақ Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарынан барды. Іздестіру жұмыстарына Ақтөбе облысынан 11 адам қатысты. Оның ішінде екеуі - мұғалжарлықтар болатын. Олар - «Арыстан» әскери-патриоттық клубының мүшесі, Ақкемер орта мектебінің 10 класс оқушысы Нұрлан Балғалиев пен «Қыран» әскери-патриоттық клубының мүшесі, Қандыағаш қалалық №1 орта мектебінің 10 класс оқушысы Медет Қомыт.
24.05.2013
Орман мен даөрттері қатаң бақылаудала

Өткен аптада Ембі қаласында «Орман-дала өрттерін жою кезінде өртке қарсы ерікті жасақтардың іс-әрекеті» тақырыбында арнайы тактикалық оқу-жаттығу өтті. Бұған облыстық төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және №12 өртке қарсы бөлім қызметкерлері, қалалық және ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.
22.05.2013
Жолың болсын, жас түлек!

25 мамыр күні еліміздің түкпір-түкпірінде оқушылар үшін соңғы қоңырау сыңғырлайды.
Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәліметі бойынша аудандағы 47 мектепте 9890 бала білім алды
20.05.2013
Көктемгі егіс қызған шақ

«Көктемнің әр күні – жылға азық». Осы қағиданы дұрыс ұғынған диқаншы дала жұмыстарына тиянақты әзірленетін болса, ырыс-құтқа кенелері хақ. Осындай молшылықтың іргетасы қаланатын шақ - көктемгі егін егу науқаны. Осы орайда аудандағы егін егу жұмысының барысы қандай екендігіне назар аударған едік.
17.05.2013
Тартысқа толы белдесулер

Ембі қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен 1999-2000, 2001-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті.
16.05.2013
Ембіліктер өткенге тағзым етті

Ұлы Жеңістің 68 жылдық тойы Ембі қаласында кең көлемде аталып өтті. 9 мамыр күні жылдағыдай дәстүрмен «Жеңіс» саябағында өткен салтанатқа жиналған халықта есеп болмады. Бұл күні алаңда өткен ғасырда Жеңістің 30 жылдығына арналып жазылып, бүгінде осы мерекенің Әнұранына айналған Д.Тухмановтың «День Победы» деп аталатын туындысы шырқалып тұрды.

Беттер