Бизнесті ұйымдастыру және дамыту

Аудандық кәсіпкерлік бөлімі Қазақстан Республикасының басымды бағдарламаларымен, қабылданған заң, қаулы актілерімен жұмыс жоспарын құрып, оны сатылы орындау барысында. Ұлттық инновациялық жүйені құру мен дамытудың негізгі міндеті - кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлік бағыттарын жаңарту, кәсіби үрдісті ақпараттық технологиялармен, озық үлгілі форматтарымен жетілдіру. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы-кәсіпкерлікті дамытумен бір қаралады. Сондықтан, Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік бөлімі кәсіпкерлікті дамыту, оны жетілдіру үшін мемлекет тарапынан арнайы бекітілетін бағдарламаларды, оның ішінде «Бизнестің Жол Картасы-2020» және «Іскер», «Кең дала», «Жас старт» бағдарламаларын кеңінен ақпараттандыру жұмысын атқарып келеді. Бөлімнің тікелей жұмыс істейтін бағдарламасы-«Бизнестің Жол Картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы. Облыстық кәсіпкерлік басқармасымен жыл сайын орындауға жоспарлы жоба саны бекітіліп беріледі. 2017 жылы бекітіліп берілген жоба саны-10, Мұғалжар ауданы бойынша -44 бизнес жоба орындалды, жалпы қаражаты-25848,1тн, бұл - 4,4% артық орындалды. Оның ішінде 2 бизнес жоба кәсіпорын инфрақұрылымын жетілдіруге бөлінді- 24691,4тн. Олар- Қайыңды ауылдық округінде орналасқан «AltynExcom» /алтын өңдеу фабрикасы/ және Жем қаласы аумағында орналасқан «СервисМұнайГаз» /мұнай өңдеу/ компаниялары.
Сонымен қатар, «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша алынған несие пайызын субсидиялауға 22 жоба өтті, құны-748,8 млн тн, алынған несиені кепілдендіру бойынша 20 жоба, құны 413,9 млн тн.
2018 жылға - «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасының қаржыландырылуы күтілуде. Мұғалжар ауданы бойынша 71 жоба қаралып, әлеуеттілігіне қарай іріктелінді, оның 28 жобасы, несие құжаттарын дайындау тізбесіне байланысты «Атамекен» кәсіпкерлік Палатасының дайындық оқуларына жолданды, сертификаттары дайындалды, кепілдеме мүліктерінің сапалық күйі анықталды. Қалған 43 бизнес жобаларға қосымша ақпараттық кеғес беріліп, өзгерістер енгізілді, кепілдік мүлікті бағалау мен қосымша анықтау жұмыстары ұйымдастырылуда.
2017 жылы «БЖК-2020» бағдарламасымен «Ақтөбе-Атырау» магистарль бойынан "Елқоныс" кемпинг кәсіпкерлік нысанына инфрақұрылым жүргізуге 12512 млн тн бөлінді. 2018 жылы наурыз айында облыстық маслихат шешімімен қаражаты бөлінді. Орындалуы-2018 жыл. 2018 жылдың ақпан айында "Асылбек" ШҚ басшысының сенімді өкілі М.Джалмағамбетовпен аудандық кәсіперлік бөлімі қатысып, бизнес жоба бойынша ақпараттық баяндама жасалды. Жобаның жалпы құны-26,8 млн тн. Қажетті инфрақұрылым түрі- ВЛ -10 кВ-3км электр желісін тарту. Қажет қаржы көлемі «Актюбинская региональная экспертиза» ЖШС-нің қорытындысымен 11 464,0 млн тн. 2-ші отырысқа мал басы мен ШҚ басында орналасқан базаларды тексеру облыстық ауылшаруашылық басқармасымен қаралу үшін қойылды. «Асылбек» ШҚ-ның 120 бас асыл тұқымды ірі қарасы, 30 бас жылқысы, 600 бас ұсақ малы бар. Анықтамалық бақылаудан кейін 2-ші отырысқа құжаттары кәсіпкермен ұсынылады.
Қазақстандық кәсіпкерлік «GCI» 3 басымдылықты белгілейді: макроэкономикалық орта саласы, мемлекеттік институт құрылымы, технологиялық дайындық деңгейі. Макроэкономикалық орта саласы бойынша- кәсіпкерлік орта инновациялық бизнес жобаларды жүзеге асыру, оған қаржыландыру тетігін қарауды жетілдіріп, мемлекеттік институт құрылымы - кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын, ал технологиялық дайындық үрдісінде - бизнесті оңтайландыру қаралып отыр. Осы мақсатта кәсіпкерлік бөлімімен ақпараттық-анықтамалық жұмыстар ұйымдастырылады, мақсат-приоритеттілік.
Макроэкономикалық орта саласы бойынша - бизнес жобалардың жаңашылдығы, әрі сұраныстық деңгейі тең қаралып келеді. Мәселен, 2018 жылға дайындалған 28 бизнес жоба қатарында- «3D» жылжымалы балалар кинотеатрын ашу, тұрмыстық қағаз шығару, түрлі-түсті ұн бұйымдарын шығару, теміржол техникасына арналған қосалқы құралдарды жөндеу цехын ашу, қымызды кептіру-ұнтап шығару, әлемді ойландырып отырған аллергия еміне жаңа қадам жасау ет тағамдарын қақтап қолдану, оны сертификаттау сынды жобалар бар. Ал 2016-2017 жылдары азық-түлік дүкендері мен монша құрылыстары басым болды.
Мемлекеттік институт құрылымы бойынша -«БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы кәсіпкерлікті қолдау үрдісінде негізгі бағдарлама болып, оның қаржыландырылуы мен пайыздық өлшемдеріне өзгерістер енгізу сатылы жүргізілмек. Бүгінгі күні 2-ші деңгейлі банктермен 14% несие беріліп, пайыздық субсидия жасалып келеді, несиелендіру алқа отырысының шешімімен келісім-шарт кәсіпкерлермен жасалып, 7% несие төлемі мемлекеттік қолдаумен субсидияланып келеді. Мұғалжар ауданы кәсіпкерлерінің жалпы 61% -«БЖК-2020» бағдарламасымен жұмыс істеуші жеке кәсіпкерлер, оның 40% толықтай субсидияланған.
Технологиялық дайындық үрдісінде- кәсіпкерлікте,оның ішінде кәсіпорындарда жаңа технологиялардың енгізілуі, жаңа аппараттардың қолданысқа алынуы, цифрландыру жаңалықтары, техниканың жаңартылуының өзі есепке алынып келеді. Желілік байланыстың кәсіпорындармен қолданысқа алынуы да жағымды іскерлік көрсеткіш танытуда.
Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік бөлімі отбасылық кәсіпті дамыту, ұлттық нақышты кәсіпті жетілдіру және гендорлық аспектіні қамтуды да жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда;
· 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат Тұжырымдамасының нысаналы индекаторларын тиісті мемлекеттік жоспарлау жүйесін интеграциялау тапсырмасымен бақылауға алынып, іскер әйелдер санын арттыру көзделіп келеді, 2018 жылдың мамыр айына Мұғалжар ауданы кәсіпкерлерінің 2017 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 52% артты. 2018 жылдың 1-мамырына 105 жеке кәсіпкер жаңадан тіркелді, оның 40-ы әйел кәсіпкерлер. Кәсіпкерлердің жалпы санын арттырумен қатар жүргізіліп отырған бағытты жұмыс – 2017-2020жж индекаторлық көрсеткішті 60% жеткізуді тапсырып отыр. 2020 жылға дейін 8% жетілдіру тапсырмасы мерзімінен бұрын орындалатындығы 2018 жылғы дайындық барысындағы жобаларды сараптамалық талдауымен анықталып отыр.
· Мұғалжар ауданының жолбойы сервисін дамыту облыстық «Туризм және спорт» бөлімінің тапсырмаларына орай ұйымдастырылып келеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық A,B,C,D стандартына сәйкестендіру жұмысы ұйымдастырылып, нәтижесінде «Ақтөбе-Атырау» магистралі бойында орналасқан «Адай», «Баяу», «Жолаушы», Еңбек ауылдық округінен «Айнұр» және «Ерасыл» орындарының басшылырымен ақпараттық талдау жасау, ұсыныс беру жұмысы жүргізілді. Талдау қорытындысымен, «Адай» кемпингісінің сервистік деңгейін құжаттап, «А» санатына, «Жолаушы» орталығының «В» санатына келтіруге болатындығы анықталды. Ұлттық стандарт санатының құжатталып берілуі-жолбойы сервисін дамыту бойынша рейтингітік өсім береді. Мұғалжар ауданы бойынша жолбойы сервисін көрсету орындарының саны - 11, оның 2-і Ұлттық стандартқа 2018 жылы сәйкестендіріліп, көрсеткіш сапасы артпақ.
· Кәсіпті отбасылық кәсіпке ұластыру үшін кәсіптің аясын кеңейту жұмысы ұйымдастырылып, нәтижесінде; «КosaNoctra» жастарға арналған демалыс орны Қандыағаш қаласынан және жазғы алаң Ембі қаласынан «Жетіқазына» алаңынан, Ембі қаласының "Адсана" супермаркетінен кинотеатр орталығы отбасылық кәсіп үлгісінде ашылды.
· Ембі қаласында орналасқан «Әділет», «Адсана» супермаркеттері жаңа буынды стандарттар талаптарын «БЖК-2020» бағдарламасына қатысу арқылы орындауға қол жетікізіп отыр.
· Қандыағаш қаласының «Роза» ательесі де мемлекеттік бағдарлама негізінде жаңа ғимарат құрылысын жүргізді, 6 жұмыс орнын құрды. Кәсіпті дамыту үшін «Мұғалжарда жасалған» атауымен сауда орындарына сатылымға жергілікті жерден шығарылып, көршілес облыстарға шығару мақсатын көздеп дайындауда.
· Жылыжай кешені жұмысын отбасылық кәсіп деңгейіне жеткізу үшін 2 жоба дайындалуда. Бірі-Қандыағаш қаласынан, екіншісі-Ақкемер ауылдық округінен болмақ.
Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік бөлімі кәсіпкерлік негіздерін қалыптастырып, кәсіпкерлер ортасын жұмылдыра отырып ШОБ субьект санын арттыру үшін жұмыстар жүргізуде; ШОБ субьектілер саны артып, әрекет етіп тұрған ЖК саны мамыр айында 34 бірлікке артты. Жұмысшы санын арттыру үшін елді-мекендерде семинар өткізу жоспарланды.
· Оңтайлы іскерлік істер мен кәсіпкерлер туралы «Кәсіп» журналы мемлекеттік тілде және жас кәсіпкерлерге арналған «Глоссарий молодого предпринимателя» ГМП инстагазеті орыс тілінде Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік бөлімімен жүргізіліп отыр.
· «Мұғалжар» аудандық газетінен «Кәсіпкер-В2В» рибрикасы ашылды.
· «Бизнес фестиваль» ұйымдастырылды, нәтижесінде; кәсіпкерлермен 6 меморандумға жалпы құны-15 млн тн қол қойылды.
· «Кәсіпкерлік пен есептілік» тақырыбында семинар сағаты ШОБ ортасына арналып өткізілді.
· Мұғалжар аудандық кәсіпкерлер Ассоциация қоғамдық негізде жұмыс жасайды, төрағасы-КАДРАЛИН Б.Д.
· «Женское лицо бизнеса» жұмыс тобы жұмыс жасайды. Жетекшісі- ТӘЖЕКЕНОВА Ж.С.
· Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында сауда орындарын аралау рейді мен түсіндірме жұмыстары ай сайын жүргізіледі.
· 2017 жылы қараша,желтоқсан айларында сұраныс жасаған елді мекендерге, «Манас» сауда орнының және «Коммуналшы» мекемесінің көмегімен Ащысай,Қ.Жұбанов атындағы елді-мекендерге ұн тасымалданды. Қандыағаш қаласына 20 тонна ұн «Ақерке» азық-түлік дүкенінің демеушілігімен тасымалданды.
· Кәсіпкер М.Казановтың демеушілігімен бағаны тұрақтандыру үшін 6,5 тонна алма Алматы қаласынан тасымалданды.
· 19 әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыру ісіне «Айгерім», «Кете», «Мадияр», «Ардақ» сауда орындары белсенді атсалысып келеді.
· «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы негізінде дәріс алушылардың бизнес жобаларын қорғаулары тыңдалып, ішінен «БЖК-2020» бағдарламасына қосымша 17 жоба іріктелінді.
· 2017 жылы облыстық Іскер Әйелдер Ассоциациясы арқылы ШОБ дамыту мақсатында мұғалжарлық 80 қыз-келіншек Ақтөбе қаласында ұйымдастырылған семинар күніне қатыстырылды. Нәтижесінде; 60 жасар қатысушы Избасова Алтынай кондитерлік тағамдар дайындау бойынша өз кәсібін ашты, жұмыссыз Урингалиева Майя тәтті тағам кафе жұмысын бастады, Алпысбаева Дариға жаңа әдіспен ірімшік дайындауды қолға алды, Елшенбекова Ақнұр қолөнер бұйымдарын жасап, сауда орындарына үлестіруде. Облыстық Ассоциация жұмысынан үлгі алған қыз-келіншектер ауылдық округтерде тақырыптық мастер кластар ұйымдастыруда.
· «2018 жыл-кәсіпкерлер жылы» аталуына байланысты облыстық, халықаралық деңгейдегі форумдарға, кәсіпкерлер байқауларына кәсіпкерлердің қатысымы ұйымдастырылып отыр. 2018 жылы қаңтар айында республикалық «Қазақстанның Бизнес Іскер Әйелі» байқауының облыстық деңгейіне кәсіпкер Ж.Тәжекенова қатысып, ІІ орынды иеленді. «WoСan» форумына өзге дін ағымындағы 1 азаматша, елді-мекендерден-1 кәсіпкер және Ембі қаласынан 1 кәсіпкер қатыстырылды. «Әлеуметтік кәсіпкерліктің халықаралық форумына» Мұғалжар ауданынан -12 кәсіпкер қатыстырылды, оның ішінде 2 кәсіпкер халықаралық форум спикері ретінде қатысты. Кәсіпкер Ғ.Еламанова «Кәсіпкерлердің еңбек тақтасына» ілініп, 2017 жылы Құмсай ауылында 40 қыз-келіншекті кәсіпке баулу семинарын өткізген А.Избасова мен М.Урингалиева туралы арнайы бейнефильм Іскер Әйелдер Ассоциациясының тапсырысымен түсіріліп, халықаралық форумда көрсетілімі жасалды.
· Қандыағаш қаласынан жас кәсіпкер Н.Ягмурова облыс әкімінің «60/15» грант жобасына қатысып, «Үздік-60 жоба», «Үздік-30 жоба» және «Үздік -15 жоба» турларынан өтіп, «БЖК-2020» қаржыландыру тұсында грантқа ұсыныс алды.
· 2018 жылдың 29-30 мамыры күндері Алматы қадасында өтетін «Кәсіпкерлік пен білім,теориялық қамтамасыз ету» тақырыпты халықаралық форумына Мұғалжар ауданынан 2 кәсіпкер тіркелді; Ембі қаласынан А.Жакупова /»Әділет» супермаркеті/ және жас кәсіпкерлер ортасынан А.Адилкаримова / «Айдана» мейрамхана орталығы/.
Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік бөлімімен кәсіпкерлерге арналған жұмыс алаңдары ашылды:
1. «В2В» алаңы кәсіпкер мен кәсіпкердің байланысын ұйымдастыру, өзекті сауалдар шешімін қарау
2. «Netwoking» - кәсіпкерлікке жаңашылдықтарды енгізу, кәсіпкерлікте инновацияны дамыту
3. «Self made»-отбасылық кәсіпті, ұлттық нақышты кәсіпті насихаттау теле бағдарламасын жүргізу