Әлеуметтік көмек көрсету

Уәкілетті орган: «Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ;
Басшысы: Құрманалина Камшат Бақытжанқызы
Мекенжайы: Қандыағаш қаласы, Шынтасова, 2 үйі
Байланыс телефоны/факс: 8 (71333) 3-21-71; 3-44-21
Электрондық поштасы: mugalzhar_ozsp@mail.ru
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
2018 жылға жаңа жұмыс орындарын ашудың жылдық жоспары 900 орын болып бекітілді және оның 1 қыркүйекке орындалуы 80,2,%-ды құрап, 722 адам жаңа жұмыс орындарына орналасты. Алдағы уақытта «Бизнес бастау» жобасын тәмамдаған тұлғалар несие алып, өз кәсіптерін ашып, маусымдық жөндеу жұмыстарын бастайды және қосымша жаңа жұмыс орындары құрылады, нәтижесінде жоспар жыл соңына дейін 100 %-ға орындалуы тиіс. Жалпы биылғы жыл басынан бері аймақ тұрғындарын сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша елеулі жұмыстар атқарылуда, оның ішінде:-тұрақты жұмыс орындарына орналасқандар саны 1278 адамға (жоспар-1887) жетіп, жоспардың орындалуы-67,7 пайызды құрады. Сондай-ақ, ақылы қоғамдық жұмысқа 520 адам және «Гүлдене бер туған Ел» марафон акциясы бойынша 303 адам тартылып, жалпы жылдық жоспардың орындалуы 102,9 пайызға орындалды. Сонымен бірге, әлеуметтік жұмыс орындарына 344 адам (жоспар-330) орындалуы 104,2 % және жастар тәжірибесіне 271 адам (жоспар-335) жолданып, орындалуы 80,9, %-ды құрады, аталған көрсеткіштердің жылдық деңгейінің орындалуы, жыл аяғына дейін толығымен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұған қоса, «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде төмендегідей нақты жұмыстары атқарылып, бөлінген қаржы көлемінің игерілуі мерзімді қамтамасыз етілді, оның ішінде: Бірінші бағыты бойынша бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету. Жоспар бойынша 2018 жылы 190 адам оқытылу керек болса, 1 тамызға 162 адам (жоспар орындалуы 85,3 %) қысқа мерзімді кәсіби даярлау курстарында оқытылды;
Екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша үстіміздегі жылға «Бастау бизнес» жобасы аясында 315 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылуы жоспарланған болса, ү.ж.1 тамызына 245 жұмыссыз азаматтар оқытылды (жоспардың орындалуы 77,8 %) және өз бизнесін ашуға және кеңейтуге шағын несие қаржысын 18 адам алды;
Үшінші бағыты бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту, бұл бағыт бойынша жаңа жұмыс орындарын ашу, бағдарламаға қатысушыларды тұрақты жұмысқа орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар практикасы мен қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру қарастырылған, олардың есепті кезеңдегі нақты жүзеге асырылуы мынадай:
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жж. арналған бағдарламасының іске асырылу есебі туралы
Мұғалжар ауданының жұмыспен қамту орталығы
Көрсеткіштер атауы
жоспарлық тапсырма
нақты орындалуы,
01.08. 2018 ж.
Әлеуметтік жұмыс орны
330
344
Жастар тәжірибесі
335
271
Қоғамдық жұмыс
800
823
Гүлдене бер туған ел (жасыл ел)
302
303
Қыска мезімдік курстары
190
162
Бастау Бизнес
315
245
Шағын несие беру
58
18
Жұмысқа орналасу (тұракты)
1 711
1100
Жұмысқа орналасу (уақытша)
176
173
Жана жұмыс орындары
900
722
Өтініш берген азаматтардың саңы
2 860
-
оның ішінде жұмыссыздар
1 436
-
жұмысқа орналастырылғандар, саны
1 631
-
Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған азаматтардың саны, барлығы
2 702
-
есепті кезен аяғына есепте тұрған азаматтар саны
1 313
-
оның ішінде жұмыссыздар
542
965
жұмыссыздық деңгейі
1,5
2,6