Кәсіпкерлікті қорғау

Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жұмыстардың атқарылу қортындысы туралы
Анықтама
2011 жылдың 12 айында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2761 болса, 2012 жылдың 12 айындағы саны 3162 дананы құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда 401 бірлікке көбейген. яғни 115% құрайды.
Былтыр шағын және орта бизнесте жұмысшы саны 9211 адам болса, бұл көрсеткіш осы жылдың 12 айында 10120 адам құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда 909 жұмысшыға өскен. яғни 110% құрайды.
2012 жылдың 12 айында өндірілген өнім көлемі 12000,0 млн. теңге болса, 2011 жылдың нақ осы кезеңімен салыстырғанда 109,9 % өсімге жетіп отыр.
2012 жылдың 12 айында жеке кәсіпкерлердің саны 3162 дана болса, оның ішінде белсенді жеке кәсіпкерлердің саны 2036, яғни 64,4 пайызды құрап отыр.
2011 жылдың 12 айындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің түсімі 3 026 648 ,0 мың теңгені құрса, 2012 жылдың 12 айында 2 893 783,6 мың теңге түсті немесе 132 864,4 мың теңгеге аз түсті, яғни 95,6 пайызды құрады.
Түсім көрсеткіштері салық комитетінің ИНИС бағдарламасы арқылы автоматты түрде есептеледі, егер 2011 жылы бірқатар негізгі салық төлеушілер орта кәсіпкерлік субъектілерінің қатарында болса 2012 жылы ИНИС бағдарламасының мәліметіне сай ірі кәсіпкерлік субъектілерінің қатарына аударылған, яғни олардан түскен түсім 2012 жылы шағын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің түсіміне қосылмай отыр. Атап айтсақ, ол «Арман Құрылыс» ЖШС-і бойынша – 2654,0 мың теңге, «СНПС-Ақтөбе Көлік Компаниясы» ЖШС-і бойынша -378 165,7 мың теңгені құрайды.
2011 жылдың 12 айында белсенді заңды тұлғалардың саны 87 болса, 2012 жылдың 12 айында 83 дананы құрайды, яғни 95,4 пайыз. былтырғы жылмен саыстырғанда 4 бірлікке төмендеді, оның себебі жылдың басында 10 мекеме жабылды («Баракат Проект» ЖШС, «Ырза» ЖШС, «АТЭ-РД» ЖШС, «Дермент», ЖШС, «Нұр Елекен» ЖШС, «Центрой Строй и К» ЖШС, «Строй Центр Плюс» ЖШС, «Қуат» ЖШС, «Ақ Бутақ» ЖШС, «ӘділетГрупп»ЖШС) және 3 мекеме «Мәлік» ЖШС, «Нұр-Бер» ЖШС, «Қайыңды-А» ЖШС шағын бизнестен орта бизнеске ауыстырылды.
Сонымен қатар биылғы жылы статистика басқармасына 9 мекеме тиісті тоқсандық есептерін тапсырып белсенді жұмыс жасап жатыр, оның ішінде: «СКРП- Аманат» ЖШС, «Мирус Евразия» ЖШС, «Народный компьютер» ЖШС, «Автотехойлсервис» ЖШС, «ЖарықАгро» ЖШС, «ҚопаАгро» ЖШС, «ҚұрылысТехнадзорСервис» ЖШС, «АШ.ЕТ.СЖ.» ЖШС, «ОхранноеАгенствоАлмасКылыш» ЖШС.
2010-2012 жылдар аралығында облысымызда, оның ішінде біздің ауданда ресейлік «Лукойл» компаниясының атсалысуымен 3-ші рет «Арай» әлеуметтік бағдарламасы жүзеге асырылды.
«Арай» әлеуметтік бағдарламасының негізгі мақсаты аудан тұрғындарына өз бизнесін ашуға 850,0 мың теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар беру болып табылады. Бұл ауыл тұрғындары үшін, соның ішінде аз қамтылған отбасылары, мүгедектер үшін керемет мүмкіндік болды.
Үш жыл ішінде аудан тұрғындары тапсырған 1148 жобалардың ішінен 133 жобаны мақұлдап жеңімпаз деп тапты. Осының нәтижесінде, бүгінгі таңда ауданымызда 8 тігін шеберханасы, 12 шаштараз, 9 шағын наубайхана, 6 аяқ-киім жөңдеу шеберханасы, 15 мал шаруашылығы, 3 спорт, 3 би үйірмелері, 3 жылыжай, 4 дөңгелек жөңдеу орталығы, 2 техникалық қызмет көрсету орталығы, 2 дәнекерлеу бригадасы, 6 тауық өсіру шаруашылығы, 3 ағаш шеберханасы, 7 фотосалон және бір-бірден сәндік, денсаулық салондары, шөп дайындау бригадасы, шошқа өсіру шаруашылығы, жиһаз жасау шеберханасы, компьютерлік орталық пен домбыра үйірмесі, 1 денсаулық орталығы, 1 массаж салоны, 1 жәлуза тігу, 1 жиһаз шеберханасы, 1 домбыра үйірмесі, 4 авто көлік жөндеу шеберханасы 1 ұлттық театр орталығы, 1 қуыршақ театр орталығы, 1 құрылыс материялдар цехы, 1 эстрадалық-вакалдық үйірме, 1 бау-бақша өсіру, 1 компьютер орталығы, 3 кондитерлік цехы, 1 тұрмыстық бұйымдар жөндеу шеберханасы және 2 ағылшын тілінде сөйлеуді жаттықтыру,1 дәріхана, 1 монша, 1 жастық жуу, және т.б. жобалар ашылды.
Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін өз жұмыстарын бастамаған Құмжарған а/о, Шенгелши ауылынан жылыжай (Жиенбаев Мұрат), Ақкемер а/о алма бағы (Алтынбаев Мирлан) және Ащысай а/о дермен (Саттаров Жолмұрат).
Биылғы жылы Бутантаева Валентина- балалар ойын сауық кешені, Қойшұғұлова Сауле-киім тоқу ательесі, Петрова Светлана-киім тігу ательесі және Кузьмина Лидия-кондитерлік цехының ашылмай тұрған себебі, қаржының кеш түсуіне байланысты құрал жабдықтарын кеш алып, кәсіптерін алдағы уақытта ашады деп жоспарлануда және Жұрын ауылдық округіндегі Бисен Құдайберген кинотеатр және компьютер орталығын ашуды биыл жүзеге асыра алмай отыр.
Аталған жобалар бойынша «Арай» әлеуметтік бағдарламасының координаторы Г. Борашеваға жазбаша түрде өз істерін бастамағандығы туралы мәлімет берілді.
Осы жылдың мамыр айының 18-19 күндері аралығында Ембі қаласы орталық кітапханасының ғимаратында және 1-2 тамызда аудан мәдениет үйінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Ақтөбе өкілдігі кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамшылығы бар тұрғындардың кәсіпкерлікті ашу және оны тиімді жүргізу бойынша біліктіліктерін арттыруға бағытталған оқу курстарын өткізді. Аталмыш курстарға қатысқан тыңдаушылар «Даму» қорынан курсқа қатысқандығын растайтын сертификаттарға ие болды. Бұл сертификаттардың иелері «Даму» қорының деректер базасына тіркеліп, келешекте екінші деңгейлі банктерден несие алу кезінде үлкен қолдау болады.
Ақтөбе облыстық «Атамекен» кәсіпкерлерімен жұмыс берушілер мен аймақтық ассоциация директоры Амантай Бекниязов 2011-2012 ж.ж. шеберлік-класстар және семинар-тренингтер ұйымдастырды. 2011 жылдың 21-22 қыркүйегі аралығында Ақтөбе қаласында «Жылыжай кешендерінің жасау барысында жаңа технологияларды енгізуі» тақырыбында Мұғалжар ауданының 20 шаруа қожалықтарының басшылары семинар-тренинг қатысты.
2011 жылы Қандыағаш қаласында «Арай» сән салонында Ақтөбе қаласындағы SELECTIVE STUDIO (СЕЛЕКТИВ студия) әсемдік салонының топ-стилисті Ирина Сенникова ауданымыздың кәсіпкерлеріне соның ішінде шаштараз жұмысшыларына шебер-класс өткізді. Сонымен қатар 2012 жылы Қандыағаш қалалық мейрамхана аспашылары арасында шебер-класс өткізіп Ақтөбе қаласының «Рахат» мейрамханасының бас аспазшысы Г.Мұхамбеткалиева екі күндік жедел курстарын өткізді.
Жылдан жылға мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын дамытуға қаражаттар көбірек бөлінуде. Біздің ауданда қайта өңдеу саласы нашар дамыған. Атап айтқанда, тері, жүн, сүт өндейтін, мал соятын цехтар немесе үн тартатын диірмен, көкөніс сақтайтын қоймалары жоқ.
Жоғарда аталған іс-шаралар барысында, сондай-ақ кәсіпкерлермен кездесу кездерінде ауданда өңдеу өнеркәсібін дамыту қажеттілігі айтылып келеді, дегенмен осы күнге дейін бірде-бір кәсіпкер ниет білдіріп отырған жоқ.
«Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасын орындау мақсатында 2010 жылы Қандыағаш қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Ә. Есенамановтың мал сою бекетінің инфрақұрылымына 8,0 млн.теңге бөлініп. Бүгінгі күні 1300 метр су құбыры, 240 метр электр жүйесі, 40 метр кәріз жүйесі, 30 метр жол және телефон жүйесінің жұмысы жүргізілді. Бүгінгі күнге дейін жеке кәсіпкер Е. Есенамановтың қайтыс болуына байланысты, жұмыстары уақытша тоқтап тұрды. Қазіргі таңда құжаттардың барлығы баласының атына аударылып, жылдың аяғына дейін мал сою бекеті ашылуы жоспарланып отыр.
Ащысай ауылының тұрғыны «Ақбота» ШҚ басшысы Ө. Әйтекеновтің мал өсіру кешеніне 15,0 млн.теңгеге қаржыланып, 30 бас жылқы, 400 бас қой алды.
2011 жылы жеке кәсіпкер Боранованың Қандыағаш қаласында қайта жаңарту арқылы сиымдылығы 500 тонна сақтау технология талаптарына сай картоп қоймасы инфрақұрылымына 14,4 млн.теңге бөлініп, бүгінгі күні 180 метр кәріз жүйесін, 400 метр газ құбырын, 165 метр жолы жүргізілді.
Қазіргі таңда СПК «Ақтөбе» ЖШС-нан 40 тоннаға жуық картоп алуга келісім шарт жасалуда.
Бұл жұмыс осы жылдың соңына дейін толығымен іске қосылады деп жоспарлануда.
«Шоман» ШҚ басшысы Қ. Омаровтың мал өсіру кешеніне тапсырған жобасы мақұлданып, 11,0 млн.теңгеге 50 бас ірі қара, 250 бас қой алынды.
Жеке кәсіпкер Токин Қойшыбай күл-қоқыс тасымалдайтын авто көлігін алуға БТА- банкінен 2,1 млн. теңгедей қаражат алды .
Жыл басында облыс әкімдігі тарапынан «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы аясында 5 жобаны жүзеге асыру жөнінде тапсырма берілген болатын. Жыл соңына дейін жүктелген тапсырма мерзімді қамтамасыз етілетін болады.
Бүгінгі күні, аталған бағдарлама бойынша бірінші бағыт – мемлекеттік қолдау шеңберінде кәсіпкерлерге банктер берген кредиттердің пайыздық мөлшерін субсидиялауға және кепілге қойлатын мүліктің жетіспеушілігіне екінші деңгейлі банкілерге кәсіпкерлерден 5 жоба тапсырылып, үйлестіру қеңесінде қаралып, мақұлданды. Кредиттердің пайыздық мөлшерін субсидиялау бойынша жолаушылар және жүк тасымалдау көліктерін алуға жалпы соммасы 27 млн. теңгені құрайтын 3 жоба мен кепілге қойлатын мүліктің жетіспеушілігіне байланысты 1 жоба. Олар жеке кәсіпкер А. Ақмолдин, Т. Ертасов, Т. Нұрғалиев («Мәлік» ЖШС). Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Т. Нұрғалиев («Мәлік» ЖШС) автокөлік көлігімен жүк тасымалы қызметін кеңейтуге инфрақұрылымына, яғни 300 метр газ құбырын жүргізуге техникалық экономикалык негіздемесі мемлекеттік сараптамадан өтіп, үйлестіру кеңесінде мақұлданды.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақтөбе өкілдігінен 2011 жылы 21 адам жалпы сомасы 15,4 млн. теңге, ал 2012 жылы 5 адам, 4,8 млн. теңге несие алды.
Бағаны тұрақтандыру бойынша ауданда бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мұғалжар ауданы бойынша халық тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағалары бүгінгі таңда облыс бойынша орташа баға деңгейінде.
Мұғалжар ауданы Әкімдігінің қаулысымен аудан әкімі жанындағы тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі аудандық штаб құрылды. Аталмыш штабтың бағаны тұрақтандыру мақсатындағы отырыстары тұрақты түрде, әр ай сайын жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 1 наурызындағы «Әлуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімін бекіту туралы» №145 Қаулысын басшылыққа ала отырып, Мұғалжар ауданы бойынша Қандыағаш, Ембі қалаларының ірі көлемдегі дүкендердің, наубайханалардың басшылары мен аудан әкімдігі азық-түлік тауарларға 10% пайыздан артық үстеме ақы қоспау туралы меморандумға қол қойылды және осы меморандумға сәйкес жұмыстар атқарылуда.
Үкімет басшысының халық тұтынатын тауарлардың бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында күнара аудандағы дүкендерді аралап, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бағаның қымбаттауы немесе арзандауы Ақтөбе қаласындағы көтерме бағаға байланысты. Ауданда азық-түлік бағалары әрқашан «Қазагромаркетингтің» ресми басылымындағы ақпаратпен саластырылып отырылады.
Мұғалжар ауданы бойынша ұн мәселесі ретімен шешілуде. Апта сайын аудандық кәсіпкерлік секторы көтерме және бөлшек сауда нүктелеріндегі негізгі азық-түлік тауарларының бағасына және «Ново-Әлжан нан комбинаты» ЖШС мен «Рамазан» ЖШС-нен ұнның бағаларын алып, мониторинг жүргізілуде, осының нәтижесінде бидай ұнының бағасын тұрақтандыру мақсатында ауданға 3,9 мың тонна «Ново-Әлжан нан комбинаты» I-сорт ұның бөлді. Қала басшылығы мен ұн және нан өнімдерін өндіруші кәсіпкерлер өзара келісімге келіп, I-сортты нанға және I-сортты ұнға бағаны тұрақтандыру бойынша меморандумға қол қойылды. Қазіргі уақытта Қандыағаш қаласындағы «Асем», «Риол», «Мадина», «Ассортимент» ірі дүкендерінде I-сорт ұны 50тг, нан бағасы 45-50 теңгеден тұрақты сатылады.
Апта сайын Қандыағаш қаласындағы дүкендерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына, картоп және көкөніс өнімдеріне мониторинг жүргізіп, қала тұрғындарына орташа бағамен картоп-60 тг, жуа-70 тг, сәбіз-60 тг, қызылша-80 тг және қырыққабат -70 теңгеден сатылуда.
Аудан бойынша ауылшаруашылық өнімдерін сату жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде қала халқы арзан ауылшаруашылық өнімдерімен қысқы кезеңге қамтылды. Қорда халық күнделікті тұтынатын азық-түліктің 9 түрі сақталады. Олар қыс-көктем мезгілдерінде қаланың коммуналдық базарларына шығарылады. Басты мақсат - тұрғындардың сұранысын қамтамасыз ете отырып, бағаны тұрақты ұстау.
«Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңының 17 бабына және «Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметі туралы» Мұғалжар ауданы әкімінің 2011 жылғы 16 қараша күнгі № 6 шешіміне сәйкес аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімінде сауда және тамақтандыру қызметі құрылды.
Сауда және тамақтандыру қызметінің жанында төрт пункт құрылды олар:
Жылжымалы азық-түлікпен жабдықтау пункті («Риол» Сауда үйі, «Лилит» ЖШС ), жергілікті жағдайларды және атқарылатын міндеттері зардап шеккен халыққа және құраманың жеке құрамына беру үшін тәулігіне 4000 (төрт мың) жинақ есебімен құрғақ пайкілермен қамтамасыз ету:
Жылжымалы тамақтандыру пункті («Айдана» мейрамханасы, «Темірқазық» мейрамханасы) жергілікті жағдайларды және атқарылатын міндеттері зардап шеккен халыққа және құраманың жеке құрамына беру үшін тәулігіне 1500 (мың жарым) адам есебімен ыстық тамақпен қамтамасыз ету:
Жылжымалы затпен қамтамасыз ету («Сәт» Сауда үйі) жергілікті жағдайларды және атқарылатын міндеттері зардап шеккен халыққа және құраманың жеке құрамына беру үшін тәулігіне бір рейспен әкелу және 1400 (мың төрт жүз) жинақ беру есебімен заттай қамтамасыз ету:
Су әкелу звеносы («Коммунальщик» КМК) ) жергілікті жағдайларды және атқарылатын міндетеррі тәулігіне 7500 ( жеті мың бес жүз) зардап шеккен халыққа және құраманың жеке құрамына беру үшін, минималды нормасы бойынша тәулігіне 1 (бір) адамға 10 (он) литр сумен қамтамасыз ету.
Жоғары аталған мекемеремен жыл сайын азық-түлікпен, ыстық тамақпен, сумен және киім кешекпен қамтамасыз ету үшін келісім-шарттар жасалды.
Сауда және тамақтандыру қызметі облыстық және аудандық көлемінде өткізілген «Қыс-2009», «Қыс-2010», «Көктем-2012» атты іс-шараларға толықтай қатысып, дайын деген баға алды.
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Занының 26 бабына және Мұғалжар ауданы әкімінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 361 қаулысына сәйкес аудан әкімі жанында сараптамалық қеңес құрылды.
Сараптамалық Кеңес қолайлы кәсіпкерлік ахуал жасауға ықпал ету жөнінде тұрақты жұмыс істейтін консультативтік – кеңесші орган болып табылады
Сараптамалық Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конститутициясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Президентінің Жарлықтары мен өкімдерін, Республика Үкіметінің қаулыларын, сондай-ақ Ережені және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Биылғы жылы «Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің «Қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы», «Халықтың нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» және «Мұғалжар ауданында жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» аудан әкімінің қаулылары сараптамалық тұжырымдамасынан өтті.