Аккредиттеу

Дүниежүзілік аккредиттеу күніне арналған дөңгелек үстел өтті. «Аккредиттеу: қалалық орта инфрақұрылымы мен құрылыс саласына деген сенімді қамтамасыз етеді» деп аталды.
2017 жылы Дүниежүзілік аккредиттеу күні қалалық орта инфрақұрылымы мен құрылыс саласына деген сенімді қамтамасыз етуге ықпал етті. Аккредиттеу тәуекелдерді басқару жолымен құрылыс секторына, еңбек өнімділігін арттыруға, ұлттық заңнама мен ішкі ережелердің сақталуына ықпал етеді. Сынақ және калибрлеу зертханалары, инспекциялық органдар мен сертификаттау жөніндегі органдар сияқты сәйкестік бағалау бойынша аккредиттеу органдары өнім шығарушыларға, тұтынушыларға және тапсырыс берушілерге құрылыс жобалары тиімді пайдаланылатынына, құрылыс алаңдары қауіпсіз және сенімді материалдар қолданылатынына сенімділік береді. Сәйкестікті бағалау жөніндегі осы органдар мемлекетке және реттеуші уәкілетті мемлекеттік органдарға салынған объектілер нормативтік талаптарға сәйкес келетініне сенімді дәлел бола алады.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дугалов қауіпсіздікке қоғамның сенімін, қала инфрақұрылымы мен құрылыс жобаларының сенімділігін, тұрақтылығын қамтамасыз етудегі аккредиттеудің маңызын атап өтті. Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Қашақов  «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО шеңберінде техникалық регламентін қабылдау және Қазақстанда Еурокодтарды енгізу туралы ақпарат ұсынды. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасының доценті, т.ғ.к., Чал Отарбаев өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы туралы айтып берді. Сонымен қатар, дөңгелек үстел қатысушылар баяндамалармен сөз сөйледі. 
Дөңгелек үстел қатысушылары баяндамаларды тыңдап, талқылап болғаннан кейін Қарар қабылдады. Онда  Техникалық реттеу және метрология комитеті және Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетіне өзара іс-қимыл ынтымақтастығы бойынша меморандумға қол қою ұсынылды. Сонымен бірге, Ұлттық аккредиттеу орталығына менеджмент жүйесін енгізген және қолдайтын кәсіпорындарды тендерге қатыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен, Қаржы министрлігімен ынтымақтастықты жалғастыру, аккредиттеу процедураларын жеңілдету бойынша «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу,  «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО техникалық регламентін әзірлеуде жұмысты белсендіру, сондай-ақ аккредиттеудің жаңа бағыттарын игеру және тұтас алғанда құрылыс саласында халықаралық стандарттарды алға бастыру бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылды.