Егер де Сіз сыбайлас жемқорлық фактілері және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтармен кездескен жағдайда

Егер де Сіз сыбайлас жемқорлық фактілері және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтармен кездескен жағдайда, онда келесідей әрекет етуге құқығыңыз бар:
  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының 1424 call-center нөмеріне хабарласу;
  2. Өтініш жазу және Маресьев көшесі 93 мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің 030019 индексі бойынша пошталық мекен-жайына жіберу немесе 54-56-57 телефонына хабарласу;
  3. Өтініш жазу және Интернациональная көшесі 16; 1 қабатта орналасқан «Мұғалжар ауданы әкімі аппараты» ММ жеке және заңды тұлғалар өтініштеріне арналған жәшігіне салу;
  4. Өтініш жазу және «Мұғалжар ауданы әкімі аппараты» ММ пошталық мекен-жайына жіберу, индекс 030701, мекен-жайы Интернациональная көшесі 16;
  5. Өтініш жазу және «Мұғалжар ауданы әкімі аппараты» ММ mugalzhar-akimat@nur.kz жіберу;
  6. «Мұғалжар ауданы әкімі аппараты» ММ 3-55-15 нөмері бойынша сенім телефонына хабарласу.