Жұмысқа орналастыру

Жұмыспен қамту бойынша
Халықтың жұмыспен қамтылуы жөніндегі аумақтық жоспары бойынша ауданда халықты жұмыспен қамту шараларын жақсарту, жұмыссыздарды әлеуметтік қосымша қорғау шараларын орындау мақсатында 2019 жылдың 6 айында ауданда 476 жаңа жұмыс орындары ашылып (жылдық жоспар - 1100) жылдық жоспар 43,3 % орындалды.
Ауданда ағымдағы жылдың 6 айында жолыққан жұмыссыз азаматтар жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды, атап айтар болсақ, 896 жұмыссыз жұмысқа орналастырылып, (жылдық жоспар - 1647) жоспар 54,4 % орындалды.
Халықтың нысаналы тобына жататын 335 жұмыссыз аудан мекеме, кәсіпорындарында ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып (жылдық жоспар-350) жоспар 95,7% орындалып, жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына қабылдаған азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу үшін бюджеттен барлығы 30 666,3 мың теңге (РБ-13192,6 мың теңге, ЖБ-17473,7 мың теңге) еңбек ақы тағайындалып төленді.
Сонымен қатар 145 жас маман мамандықтарына сай аудан аймағында орналасқан мекеме, кәсіпорындарға Жастар тәжірибесіне орналастырылып (жылдық жоспар - 400) жылдық жоспар 36,3 % орындалып, Жастар тәжірибесінде жұмыс жасаған жас мамандарға бюджеттен барлығы 37 555,8 мың теңге (РБ-2108,2, ЖБ-35447,6 мың теңге) еңбекақы тағайындалып толығымен төленді.
Ағымдағы жыл басынан 494 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмысқа (АҚЖ-412, Гүлдене бер туған Ел-82) тартылып уақытша жұмыспен қамтамасыз етіліп (жылдық жоспар – АҚЖ-498, Гүлдене бер туған Ел-200) жылдық жоспар 70,8 % орындалып оларға жергілікті бюджеттен 63422,3 мың теңге (АҚЖ-60311,3, Гүлдене бер туған Ел-3111,0) еңбек ақы тағайындалып толығымен төленді.
Ағымдағы жылдың 01 шілдесіне есепте тұрған жұмыссыздар саны 946 адам болып экономикалық белсенді тұрғындар саны 36105 адамға шаққанда 2,6 пайызды құрап отыр.
Ауданда Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін 2019 жылдың 06 ақпанында аудан әкімдігінің №38, Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін 15 ақпанда №51, Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтар үшін 15 наурызда №92, Мүгедектер үшін 18 ақпанда №53 қаулылары аудан аймағында орналасқан мекеме, кәсіпорындарда меншік түріне қарамастан жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы қабылданып 12 мекемеде жұмыс орындарының квотасы белгіленді.