Мұғалжар ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы.Есебі

Есеп, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы №193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес жасақталған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету аудандық дербес бөлімдер , ауылдық округтер әкімдіктері деңгейінде жүзеге асырылады. Мұғалжар ауданы бойынша ХҚКО-ның 2 бөлімі (Қандыағаш қаласы, Ембі қаласы) жұмыс істейді. Сол сияқты кент, ауылдық округтер бойынша мобильдік «ХҚКО»-ның келісіліп,белгіленген кестеге сәйкес шығып тұрады.
Аудандағы жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сүйене отырып,мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйегінде №983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» (бұдан әрі –тізілім) сәйкес,аудандағы жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтердің 98 түрі көрсетіледі.
2015 жылы ауданда 102 120 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Соның ішінде мемлекеттік органда 73 504 қызмет, 10 200 қызмет Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілсе, 13 322 қызмет электронды үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілді.
2015 жылдың қорытындысы бойынша баламалы түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 97,2 пайызды құраса, электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 15,3 пайызын құрап отыр. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардарлығын жоғарылату мақсатында 175 жиналыстар мен лездемелер,семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер және тағы басқа шаралар өткізілді және БАҚ беттеріне жарияланды.
Тек қана ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша көрсетілген 3436 қызметтер көрсетіліп, 100 % -ды құрады.
Электрондық мемлекеттік қызметтер бойынша электрондық форматта 13 322 қызмет көрсетілді, жергілікті атқарушы органдардың мелекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру жұмыстары тиімді жүргізілгенімен, электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 15,3% -ды құрады.
Мемлекеттік қызметтер көрсететін барлық мемлекеттік органдарда, тұтынушының мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері орналастырылған ақпараттық стендттермен жабдықталған.
Сонымен қатар, ресми интернет- ресурстарда мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері, шағымдану тәртібі, көрсетілетін мемлекеттік қызмет берушінің байланыс мәліметтері, сондай-ақ қызметті онлайн режимінде алу жөніндегі нұсқаулықтар орналастырылған «мемлекеттік қызметтер көрсету» тарауы бар.
2015 жылы «Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау» өлшемі көрсеткішін жақсарту жөнінде іс шаралар жүргізілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу мақсатында Мұғалжар ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарының бәрінде «Мемлекеттік қызметтер көрсету» ақпараттық тағандары және күтуге арналған орындықтар мен құжаттарды толтыру үстелдері, өтініш үлгілері орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар бойынша 9-семинар-кеңестер, 7-дөңгелек үстел, 1-брифинг, 1 конференция өткізілді. Сонымен қатар, 126 жиналыс пен 31 мақалалар жергілікті басылым «Мұғалжар» газетінде жарияланды.
Есептік кезеңде, 2 лауазымды тұлға электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетудің мерзімі 4 рет бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Тұтынушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында, жергілікті атқарушы органдарға келесідей міндеттер қойылды:
- электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер тұтынушыларының санын көбейту мақсатындағы жұмыстарды жалғастыру;
- ХҚКО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесін көбейту мақсатындағы жұмыстарды жалғастыру;
- мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылмауына жол бермеу жұмыстарын жүргізу.