ӘКІМДЕР САЙЛАУЫН ӨТКІЗУ - ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢ

Ағымдағы жылдың 8-ші тамызында ауданға қарасты Жем қалалық, Батпақкөл және Құмжарған ауылдық округтерінің әкімдері сайланады.Бүгінгі күні қала және ауыл әкімі болуға үміткерлерді қабылдау уақыты аяқталды. 8 үміткер тіркелді. Олар Жем қаласы әкіміне үміткер Айнагүл Қостайбекова мен Нүркен Дәрібай. Құмжарған ауылдық округі әкіміне үміткер Нұркамал Шамшиева, Рамазан Үргенішбаев және Әли Сейтжанов. Батпақкөл ауылдық округі әкіміне Көмекбай Бектұрғанов, Мақсат Әлібжанов және Мәрзия Гатауллина үміткер.Тіркелген кандидаттар 6 тамызға дейін үгіт-нассихат жұмыстарын жүргізуі тиіс. Айтып өтейік, қалалық және ауылдық округ әкімдерін сайлау халық емес, аудандық мәслихаттың депутаттары таңдау жасайды. Сайлау 8 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінде сағат 10:00-де өтеді. Сайлауға 14 мәслихат депутаттары, бақылаушылар, кандидаттардың сенім білдірген өкілдері қатысады.