ӘКІМДЕР САЙЛАНДЫ

Аудандық Мәдениет үйінде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, ауылдық округ құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдардың әкімдерін сайлау өтті. Аудандық мәслихаттың депутаттары Жем қалалық, Батпақкөл және Құмжарған ауылдық округтерінің әкімдерін сайлады. Дауыс беру нәтижелерінің қорытындысы бойынша Жем қаласының әкімі болып Нүркен Тайырұлы Дәрібай сайланды. Ол бұған дейін Қандыағаш қаласы әкімі аппаратының бөлімше басшысы қызметін атқарған болатын.Батпақкөл ауылдық округін осыған дейін аудандық білім бөлімінің заңгері қызметін атқарған Көмекбай Қуантайұлы Бектұрғанов басқарады. Құмжарған ауылдық округіне осы округті басқарып келген Рамазан Көбейсінұлы Үргенішбаев қайта сайланды.