«Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы әкімшілік істерді жіберу

Бүгінгі таңда халыққа қолжетімді бола бастаған жаңа электронды қызметтер енгізілген. «Сот кабинеті» сервисі - электронды түрде ҚР сот органдарының сервистері мен қызметтеріне қол жеткізудің біріңғай жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың кез-келген өзіне ыңғайлы уақытта онлайн режимінде «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы электронды түрде талап арыздарды беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндіктері бар. Одан басқа, әкімшілік істерді де сол сервис арқылы қағаз нұсқасынсыз электрондық түрде жіберу қарастырылған және электрондық сот өндірісіне өтуге септігін тигізеді.
«Сот кабинеті» сервисі арқылы әкімшілік істерді жіберу үшін:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығында Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттік органдар үшін электрондық-сандық қолтаңба алу қажет;
2. Сыртқы Интернет жүйесіне қосылу немесе «Мемлекеттік органдардың біріңғай транспорттық ортасына» қосылуы қажет.
Сот жүйесінде жаңа технологияларды енгізу мен қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, азаматтардың уақыты мен қаржысын, бюждет қаражатын үнемдейді, халық үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Мұғалжар ауданының
№2 аудандық сотының
кеңсе меңгерушісі А.Кушкенбаева