Мұғалжар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен салық төлеушілердің дара кәсіпкер ретінде тіркелгендігін растау үшін салық төлеушілер тізімімен сұранымдар, сонымен қатар дара кәсіпкер ретінде тіркелгендігін растайтын анықтама ( бұдан әрі – ДҚ туралы анықтама) алу үшін салық төлеушілерді жолдау жиілетіп кеткенге байланысты келесіні хабарлайды:
ҚМ СК www.salyk.gov.kz адресі бойынша интернет – ресурсында «Ақпараттық ресурстар» бөлімінің «Интерактивтік сервистер» бөлімшесінде «Салық төлеушіні іздеу» режимі жұмыс істейтіндігін, осы режим салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелген салық төлеушілерді, іздеуге мүмкіндік беретіндігін қосымша хабарлаймыз.
«Салық төлеушіні іздеу» электрондық сервисі Ел басының құжат айналымын қысқарту және көрсетілетін қызметті алушылармен мемлекеттік органдардың және коммерциялық ұйымдардың әр түрлі қызметтерін алу рәсімдерін оңтайландыру қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді және жұмыс істейді.
«Жеке тұлғалардан ақпараттарды қабылдау және өңдеу бойынша орталығы» бөлімі
Мұғалжар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы