Шағын және орта бизнесті макроқаржыландыру, субсидиялау туралы ақпарат

Шағын және орта бизнесті бастау үшін Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік бөлімі қабылдау күнін ұйымдастырып, ақпараттық көмек көрсетеді. Қандыағаш қаласы, Самал мөлтек ауданында 49 "А" орналасқан «Атамекен» Палатасы филиалынан арнайы оқу курсынан өтуге, бизнес жоба дайындау және «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы мен өзге де бағдарламалар аясында кәсіпті бастауға несие алу тетіктері түсіндіреді. Аудандық кәсіпкерлік бөлімі кәсіпкерлерге,оның ішінде жас кәсіпкерлерге, кәсіпті енді бастаушы азаматтарға арнайы арналған ақпараттық материалдарды үлестіріп,түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Бизнес жобаға қатысты қосымша кеңес беріліп, тиімді жолдары мен жаңашылдығы, қала мен ауылдарға қажетті бизнес түрлеріне сұраныстар туралы мәлімдемелер беріледі.
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС
Ағымдағы жылдың 8 айы ішіндегі жалпы тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 3 227 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандар саны 2 885 дана немесе былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы өсімі 9,4 пайызды құрады.
Шағын және орта бизнесте жұмыс жасайтындар саны 6 095 адамға (2017ж.- 5370 адам) жетіп, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы деңгейі 113,5 пайызды құрады және өндірілген өнім көлемі – 5502 млн.теңгені құрады.
Сондай-ақ, аймақ бойынша а.ж. қаңтар-шілдесіндегі бөлшек сауда айналымының көлемі 2 738,4 млн. теңгеге жетіп, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы өсімі 118,6 пайызды құрады.
ШОБ субъектілерінің негізгі көрсеткіштері
Кәсіпкерлікті дамыту:
Өлшем бірлігі
қаңтар-тамыз
2017 ж.
қаңтар-тамсыз
2018 ж.
2018 ж. тамызынан
өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстыру, %
Тіркелген ШОБ субъектілерінің саны
бірлік
3 180
3 251
102,2
Жұмыс жасайтын ШОБ субъектілер саны
бірлік
2 6664
2 891
108,5
Жұмыс жасайтын ШОБ субъектілер үлесі
%
83,3
88,9
ШОБ жұмыс жасайтындар саны
адам
5370
6095
113,5
ШОБ субъектілерімен өндірілген өнім көлемі
млн.теңге
4275
5502
128,7