Ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу, өндіру, қайта өңдеу және іске асыру тәртібі

«Арман М» шаруа қожалығы мал бордақылау алаңына ірі қара малдарын қабылдауда.
1. Өтінім берген сәтте бұқашықтар АТЖ-да тіркелген болуы (бордақылау алаңының меншігінде немесе бұқашықтарды бордақылау қызметін көрсету шарты бойынша).2. Бордақылаудағы бұқашықтарда радиожиілікті құлақ сырғаларының болуы (2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап талап етіледі).3. Бордақылауға қойған сәтте бұқашықтардың тірідей салмағы 200 килограмнан кем емес.4. Союға өткізген сәтте бұқашықтардың тірідей салмағы - 400 килограмнан кем емес; союға өткізген сәтте бұқашықтардың сойылған салмағы - 210 килограмнан кем емес**.5. Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру мен жүзеге асыру және зоотехникалық есепке алуды жүргізу.6. Ірі қара малды бордақылауға арналған дамыған инфрақұрылымы бар, етті бағыттағы ірі қара мал кәсіпорындарын технологиялық жобалауға ұсынылған нормаларына сәйкес келетін мамандандырылған алаң:карантиндік алаң;кіру дезинфекциялық тосқауылы;малдарды ұстауға арналған қаша;желден қорғаныс (оңтүстік өңірлер үшін міндетті емес);науалар және суаратын астаулардың алдында тұратын қатты жабын;бетонды/темір науалар немесе азықтық үстелдер;автономды көз немесе сумен қамтамасыз ету жүйесі;жылытылатын автосуаттар (оңтүстік өңірлер үшін міндетті емес);көң сақтау орны және қар суларын жинауға арналған мүйіс;азықдайындағыш және азықтаратқыш техника /жабдық (ұсақтағыш/астықты жаншығыш немесе құрамажем цехы, азықтаратқыштар);азықтарды сақтауға арналған орын;ветеринариялық пункт, өткелек және ІҚМ-ға арналған электрондық таразылары бар бекіткіш;радиожиілікті сырғаларды санағыш (2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап талап етіледі);малдарды түсіруге және тиеуге арналған басқыш;азықтың қажетті көлемінің болуы және бұқашықтарды астықпен бордақылауға арналған рационды сақтау.
Орналасқан жері: Мұғалжар ауданы, Талдысай ауылдық округі, Талдысай ауылы. Байланыс телефоны:87052884333