Ауыл шаруашылығы мен ветеринария

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ауданның ауыл шаруашылығы саласы бойынша ағымдағы жылдың 8 айында 10 807,5 млн. теңгенің өнімі өндірілді, оның ішінде мал шаруашылығы бойынша 8 848,1 млн.теңге болса, өсімдік шаруашылығы 1942,1 мың теңгені құрады, нақты көлем индексі-103,9 пайыз. Есепті кезеңде жалпы аудан бойынша – 6424,3 тонна ет, 26 751,5 тонна сүт және 5 022,4 мың дана жұмыртқа өнімдері өндірілді және бұл өнімдердің былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғандағы өсімі сәйкесінше – 8,5 %, 2,3 % және 3 %-ды құрап отыр.
Мал басы бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйекке 52,4 мың бас ірі қара, 176,5 мың бас қой мен ешкі, 15 мың бас жылқы, 296 бас түйе, 252 бас шошқа және 69 мың құс басы тіркелді, бұл ретте тек шошқа санының азаюы тіркелген және оның басты себебі одан өндірілетін өнімге тұрғындар сұранысының төмендеуі есебінен жол беріліп отырғандығы байқалады. Сондай-ақ, барлық мал мен құс түрлері санының былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы өсімі тіркелінді, оның ішінде ірі қара малы-1,4%, қой мен ешкі-1,5%, жылқы-4,3%, түйе-8,8% және құс саны-2,2%. Биылғы жыл басынан бері аталған мал түрлері бойынша 20,3 мың бас бұзау, 65,3 мың дана қозы мен лақ және 2,8 мың бас құлын төлдері алынды.
Осы сегіз айда ауданның ауыл шаруашылығы кооперативтерімен 29,3 тонна ет, 9,8 мың дана жұмыртқа және 37 тонна сүт өнімдері өндірілді, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарымен 315 тонна нан өнімдері, 87 тонна шұжық және мал сою алаңдарында 120 тонна ет өнімдері өндірілді.
Жоспарлы тапсырмаға сәйкес бүгінгі таңда жалпы аудан бойынша 351 бас асыл тұқымды ірі қара, 36 бас асыл тұқымды жылқы және 251 бас асыл тұқымды қой сатып алынды және олардың орындалуы жыл аяғына дейін толығымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Биылғы жылға 5 инвестициялық жобалар жоспарланды, оның ішінде бүгінгі таңда 4 жоба мерзімді іске асырылды немесе тапсырма 80 пайызға орындалды.
Сонымен қатар, аудан бойынша белгіленген көктемгі-далалық жұмыстары мерзімді атқарылды, жоспарланған барлық тапсырмалар орындалды, атап айтқанда 11 767 га (жоспар-10 900 га) жерге дәнді дақылдар отырғызылды және есепті кезеңге оның 269 га. арпасы шабылып, 75 тонна өнімі алынды(түсімділігі-2,8ц/га). Сонымен қатар, суармалы жерлерді игеру мақсатында 624 га жерге, оның ішінде 358 га картоп, 240 га көкөніс және 26 га бақша өнімдері отырғызылды, нәтижесінде былтырғы жылмен салыстырғанда 41 га суармалы жер артығымен игерілді. Қазіргі кезде ауыл шаруашылық кәсіпорындары мал азығын дайындау жұмыстарын жүргізуде, есепті кезеңде 268,1 мың тонна шөп дайындалып, белгіленген тапсырма 100,4 пайызға орындалып отыр.
Ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуы
Көрсеткіштер атауы
өлшем бірлігі
қаңтар -тамыз 2017 ж
қаңтар – тамыз 2018 ж.
2018 ж. тамызын
өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстыру, %
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі
млн.тенге
9 118,4
10 807,5
118,5
нақты көлем индексі
%
103,4
103,9
Шаруашылық санаттарының жалпы саны:
дана
419
429
102,4
- ЖШС
дана
20
19
95
- шаруа қожалықтары
дана
397
408
102,8
- ауылдық өндірістік кооперативі
бірлік (жоспар)
2
10
5 есе
соның ішінде: а/ш. кооперативтер құру
дана (жоспар)
2
10
5 есе
- сүтті-тауарлы фермалар құру
бас (жоспар)
50
54
108
- жылыжай орындарын ашу
га (жоспар)
1,7
- көкөніс қоймасын іске қосу
мың тн (жоспар)
1
- суармалы жерлердің көлемін ұлғайту
га (тапсырма)
583
624
107
- мал бордақылау алаңдарын ашу
бас (жоспар)
3 000
607
20,2
- инвестициялық жобалар саны
бірлік (жоспар)
5
4
80
- техникалар сатып алу
дана (жоспар)
11
2
18,2
Салынған инвестициялардың жалпы көлемі
млн.тн(жоспар)
327
337,8
103,3
Барлық егіс алаңы:
га (тапсырма)
15 200
16 067
105,7
оның ішінде: дәнді дақылдар көлемі - барлығы:
га (тапсырма)
10 900
11 767
107,9
- арпа
га (тапсырма)
3 900
3 964
101,6
- бидай
га (тапсырма)
6 600
7 403
112,2
- сұлы
га (тапсырма)
100
100
100
- тары
га (тапсырма)
300
300
100
Майлы дақылдар көлемі
га (тапсырма)
900
900
100
Мал азығы дақылдары
га (тапсырма)
3 400
3 400
100
- картоп көлемі - барлығы:
га (тапсырма)
364
358
98,3
оның ішінде: АШТӨ бойынша
га (тапсырма)
89
80
90
- көкөніс көлемі - барлығы:
га (тапсырма)
270
240
88,9
оның ішінде: АШТӨ бойынша
га (тапсырма)
90
80
88,9
- бақша көлемі - барлығы:
га (тапсырма)
22
26
118,2
оның ішінде: АШТӨ бойынша
га (тапсырма)
22
26
118,2
Жалпы мал басының саны:
- ірі қара малы
бас
51 761
52 494
101,4
- қой және ешкі
бас
174 019
176 584
101,5
- жылқы
бас
14 394
15 016
104,3
- түйе
бас
272
296
108,8
- шошқа
бас
335
252
75,2
- құстың барлық түрі
бас
67 575
69 060
102,2
Өндірілген өнім көлемі:
- мал мен құстың тірідей салмақта шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені
тонна
5 920,8
6 424,3
108,5
- сүт
тонна
26 131,8
26 751,5
102,4
- жұмыртқа
мың дана
4 882,1
5 022,4
102,9