ҰОС қатысқандарды, мүгедектер, балаларды әлеуметтік қорғау

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек төлеуге 2018 жылға 96000,0 мың теңге қаражат бөлініп, 1 қазан айына 899 адамға 36130,1 мың теңге тағайындалып, 33791,8 мың теңге төленді.
Оның ішінде:
- Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік тұрмыстық қажеттілігіне 5 адамға 272,0 мың теңге;
- Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және жалпы мүгедектерге, оларды ертіп жүруші азаматтарға облыстық денсаулық сақтау басқармасының жолдамасы бойынша төленетін жол шығындарын өтеу үшін 30 адамға 673,0 мың теңге;
- 9 май жеңіс күні мерекесіне 441 адамға 10640,0 мың теңге, оның ішінде: Ұлы Отан соғысына қатысушыларымен мен мүгедектеріне 200,0 мың теңгеден 4 адамға 800,0 мың теңге, ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне 30,0 мың теңгеден 13 адамға 390,0 мың теңге, ҰОС ардагерлеріне және мүгедектеріне теңестірілгендерге 50,0 мың теңгеден 69 адамға 3450,0 мың теңге, бейбіт уақытында әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 30,0 мың теңгеден 11 адамға 330,0 мың теңге, ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне 25,0 мың теңгеден 17 адамға 425,0 мың теңге, Ауған жауынгерлерінің жесірлеріне 25,0 мың теңгеден 13 адамға 325,0 мың теңге, марапатталған тыл ардагерлеріне 30,0 мың теңгеден 14 адамға 420,0 мың теңге және 1941-1945 жылдар аралығында тылда жұмыс жасаған азаматтарға 15,0 мың теңгеден 300 адамға 4500,0 мың теңге тағайындалып, төленді;
- Әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға төленетін әлеуметтік көмекке 223 адамға 22799,4 мың теңге төленді, оның ішінде:
Өмірлік қиын жағдайға тап болған 3 адамға 180,0 мың теңге және Үйден оқытылатын мүгедек балаларға арыздары бойынша әлеуметтік көмек 28 балаға 577,2 мың теңге және азық түлік бағасы мен коммуналдық қызметтердің тарифінің өсуіне байланысты аудандағы (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алушы отбасыларға) 169 адамға 988,5 мың теңге қосымша әлеуметтік көмек төленді.
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындауға 993 адамға 11940,8 мың теңге тағайындалып, төленді
Мұғалжар аудандық зейнетақы төлеу орталығының берген мәліметі бойынша ауданда барлығы мүгедектер саны - 1528, оның ішінде I топтағы мүгедектер - 111, II топтағы мүгедектер - 558, III топтағы мүгедектер - 616,
16 жасқа дейінгі мүгедек балалар - 243 санын құрайды. 2018 жылдың 1 қазан айына мүгедектерге келесі қызметтер көрсетілді:
Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету бойынша, Алматы қаласындағы протездік-ортопедиялық орталығына 38 мүгедекке жолдама беріліп, 60 құралдар алынып, жұмсалған қаражат 1 633,2 теңгені құрады;
Техникалық көмекші құралдармен (таяқтар, балдақтар, жетек арбалармен) 79 мүгедекке 426,7 мың теңгеге 89 құралдар берілді;
Сурдотехникалық құралдар бойынша 16 мүгедекке (бейнекомпьютер, көп функционалды дабылды жүйелер, ұялы телефон, телефакс, сағат, есту аппаратымен) 1 613,9 теңгенің 29 құралдары берілді;
Тифлотехникалық құралдар бойынша 19 мүгедекке (тифломагнитола, диктофон, сағат, таяқ) 9 117,1 теңгеге 49 дана құралдар берілді;
Міндетті гигиеналық құралдар бойынша 160 мүгедекке 100053 дана 12 907,6 теңгенің (жөргектермен, жаялықтармен, санитарлық кресло-орындықтармен) қамтамасыз етілді;
Арнаулы жүріп тұру құралдары (кресло-арбалармен) 14 мүгедекке 1 880,1 теңгеге 23 кресло- арбалар берілді;
Санаторий-курорттық емдеу бойынша 59 мүгедек Шымкент қаласындағы «Денсаулық» санаториясына 3 931,3 теңгеге 59 жолдамамен қамтамасыз етілді;
Жүріп-тұруы қиын 1 топтағы 31 мүгедекке 31 жеке көмекші тағайындалып, оған 2 810,8 мың теңге еңбекақылары тағайындалып, қызметтерін көрсеттті;
Есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтері бойынша 11 мүгедекке 2 ымдау тілі маманы тағайындалып, 647,0 теңгеге еңбекақылары төленді.
Барлығы: 427 мүгедекке 34 967,7 теңгеге 100395 дана құралдары көрсетілді.