Өтініштер қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерді шағым жасаудың тәртібі

Өтініштер қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерді шағым жасау
Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкін.
Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.
Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым беру және оны қарау тәртібі "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
Жауапты тұлға:
Құжаттамалық, қаржы-шаруашылық жұмысы бөлімшесінің бас маманы Абилтаева Гүлжан Жағыпарқызы
Байланыс телефоны: 8 (71333) 3-53-72
Электрондық пошта мекенжайы: mugalzhar-akimat@nur.kz