Өрт қауіпті кезеңнің қорытындысы

Кеңес барысында Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Е.В.Овчарский баяндама жасады. Ол өз баяндамасында өткен кезеңмен салыстырғанда (2018 ж. - 318, 2017 ж.-486, (34,6% - ға азаю) орман-дала алқаптарындағы өрттер мен көлемі бойынша, 2018 ж. - 10 476,935 га, 2017 ж. - 99 299,964 га (9,5 есеге азаю) азайғанын атап өтті. Бұдан әрі республикалық және облыстық жолдардың бойында өртке қарсы жырту, мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құрудың 2017-2020 жылдарға арналған жоспарын кезең – кезеңмен орындау бойынша жергілікті атқарушы органдардың жүргізген алдын алу іс-шаралары туралы баяндады.
Облыс әкімі аппаратының Жұмылдыру дайындығы және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің басшысы А.С.Құлдыбаев табиғи өрттердің алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру, сондай-ақ облыс әкімі бекіткен жоспарға сәйкес кезең-кезеңмен өрт сөндіру бекеттерін құру мәселелері туралы баяндады.
Ақтөбе облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А. К. Қадыров өз сөзінде орман-дала өрттерін сөндіру кезінде ЖАО-мен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ден қою кезіндегі проблемалық мәселелерді қозғады.
Семинар-кеңесті қорытындылай келе, Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Е.С.Өтегенов ағымдағы жылы жүргізілген жұмыстар оң нәтиже бергенін, өрттерді сөндіру бойынша аумақтық құрылымдар дамып келе жатқанын, өрттердің туындауының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын, өрттің және жанудың азайғанын атап өтті. Өрт қауіпті кезеңнің қорытындысы бойынша үздік атқарушы органдар 5 номинация бойынша дипломдармен марапатталды:
1. Ақтөбе қаласының әкімдігі - өртке қарсы құралымдарды үздік техникалық қамтамасыз еткені үшін. Ақтөбе қаласының әкімдігі өрт сөндіру үшін заманауи өртке қарсы құрал-жабдықтармен жабдықталған 2 арнайы автокөлік сатып алды.
2. Ырғыз ауданының әкімдігі – «Табиғи өрттерге жедел ден қойғаны үшін". Жедел ден қою және барлық құралымдардың іс-қимылының үйлесімділігі арқасында Ырғыз ауданы аумағында жану жағдайлары қысқа мерзімде жойылды және қорық аймағы сақталып қалынды.
3. Әйтеке би ауданының әкімдігі – «Өртке қарсы іс-шараларды тиімді қаржыландырғаны үшін". Өртке қарсы іс-шараларға 26 млн.теңгеден астам қаражат бөлініп, жауынгерлік киім, жабдықтар, сөндіру құралдары, су жеткізу тіркемелері сатып алынды және өрт сөндіру бекетін қамтамасыз етті.
4. Мәртөк ауданы әкімдігі – «Үздік өрт сөндіру бекеті үшін». 2017 жылы Мәртөк ауданының Жайсан ауылында құрылған. Пост қызметкерлермен, қажетті өрт жабдығымен және өрт техникасымен қамтамасыз етілген. Тек 2018 жылы пост 18 өртті сөндіруге қатысты.
5. Мұғалжар ауданының әкімдігі – «Ерікті өртке қарсы құралымдарды тиімді дамытқаны үшін». 540 адамнан тұратын ЕӨҚ мүшелерін бастапқы оқытудың үлкен үлесі 81% - ға жетті, оның ішінде ағымдағы жылы 305 адам, сондай-ақ ЕӨҚ 196 мүшесі арнайы киіммен қамтамасыз етілді, құралымдардың сумен жабдықтау көздеріне қол жеткізуі үшін тек осы ауданда ғана ағымдағы жылы 2 пирс салынды.
Семинар-кеңес соңында Құтқарушылар саябағында орман-дала өрттерін және жануды сөндіруге арналған техника мен өрт-техникалық жарақтың жаңа үлгілері көрсетілді. Сонымен қатар, ШАР-1 өрт сөндірудің бірегей инновациялық құралының практикалық көрсетілімі өткізілді, ол өрттің пайда болуының алғашқы сәтінде өрт ошағына әсер етіп, алпауыт өртке айналдыруға мүмкіндік бермейді.
Семинар нәтижелері өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті одан әрі жетілдіру іс-шаралары көзделген хаттамамен рәсімделді.
Ақтөбе облысының ТЖД Өрт қауіпсіздігі
саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы