Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының жергілікті тұрғындары жиналысының ХАТТАМАСЫ

ҰСЫНЫС ҚАРАЛДЫ
Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының жергілікті тұрғындары жиналысының
ХАТТАМАСЫ
№5
17 мамыр 2019 жыл Жергілікті уақытпен 10.00
КҮН ТӘРТІБІ:
Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы Ю.Гагарина көшесіне қайта атау беру туралы.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Өтемұратов Талғат Орналыұлы – Қандыағаш қаласының әкімі
ҚАТЫСУШЫЛАР:
Қандыағаш қаласының әкімі-Т.О.Өтемұратов, Қандыағаш қаласы әкімінің орынбасары Ж.Е.Кулбаев, Қандыағаш қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері, Қандыағаш қаласының қоғамдастық кеңес мүшелері, қала тұрғындары.
ТЫҢДАЛДЫ:
Қандыағаш қаласындағы Ю.Гагарина көшесіне «1939 жылы Жұрын ауданында Құлақшы ауылында дүниеге келген, төрт баланың әкесі, білімі жоғары, 2004 жылы 65 жасында өмірден кеткен. Еңбек жолын 1957-1989 ж.ж. аралығында ауылшаруашылық саласында қызмет жасаған. «Ветеран труда» медалімен марапатталған Ертасов Танат Дусиповичтің есімін беру» туралы ұсынысы қаралды.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
Ж.Есенкулов - Бұл ұсыныспен толық келісемін. Себебі, Еңбек жолын Мұғалжар ауданында ауылшаруашылық саласында көп жылдан бері қызмет жасаған, елге сыйлы, құрметті азамат. Сол себепті, Ю.Гагарина көшесіне Ертасов Танат Дусиповичтің есімін беру дұрыс деп ойлаймын. Ұсынысты қолдаймын.
С.Енсепов – Менің айтарым көше атауын өзгертуге байланысты ашып отырған жиналысыңыз орынды. Бұл өте дұрыс ұсыныс, бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп санаймын. Қолдаймын.
Е.Уксикбаев - Ол кісі тракторист, кейін агроном, экономист болып, жастарға үлгі-өнеге көрсете отырып, еңбекке баулыған азамат. Еңбекте ең жоғарғы жетістіктерге жетіп, құрметі азаматы болған. Бұл ұсынысты қолдаймын.
А.Шунимов – Енді осы ұсынысты дауысқа салу қажет деп санаймын. Сонымен, дауысқа салсақ.
Қандыағаш қаласындағы Ю.Гагарина көшесіне қайта атау беру туралы сұрағы бойынша санау үшін дауысқа салынды. (дауыс беруге қатысушылардың қол көтеруімен ұсыныстары анықталды)
«Жақтады»- 63
«Қарсы» - 0
Қалыс қалған жоқ- 0
Қоғамдық тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беру қорытындысы бойынша Қандыағаш қаласындағы Ю.Гагарина көшесіне қайта атау беру мақұлданды.
Жиналыс қорытындысы бойынша жиналысқа қатысушылардың басым бөлігі ШЕШІМ ЕТТІ.
Қандыағаш қаласындағы Ю.Гагарина көшесіне қайта атау беру туралы ұсынысы мақұлдансын.
Қандыағаш қаласының әкімі: Т.О.Өтемұратов
Аталған мәселе облыстық ономастикалық комиссиясына ұсынылсын.
Жиналыс төрағасы Т.Өтемұратов
Хатшы Г.Баймагамбетова