Жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеп-қарау мамандары 100 мыңнан артық қызмет көрсетті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жылжымайтын мүлік нысандарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізетін мамандары жыл басынан бері 102 мың мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын, оның көшірмесін беру қызметтері бар.
Жылжымайтын мүлік санатына жаңадан салынған және қолданыстағы үй-жайлар мен түрлі мақсаттағы ғимараттар, өзге де құрылыс нысандары жатады. Олардың техникалық сипаттамаларын құжаттандыру үшін мамандар жылжымайтын мүліктің өлшемдерін өлшеп, ғимараттардың әрбір қабатының жоспарын сызады. Жұмыс барысында нысанның техникалық жағдайы ескеріліп, құрылыста пайдаланылған материалдар сипатталады. Барлық жиналған ақпарат бойынша мәлімет топтастырылып, техникалық паспортқа енгізіледі.
Бүгінде техникалық паспортты алу үшін өтінімді egov.kz порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беріп, өлшеу жүргізетін техник маманды мекенжай бойынша шақыртуға болады. Техникалық паспорт жасату үшін келесі құжаттар тізімі қажет: жеке куәлік, жер учаскесінің сәйкестендіру құжатымен қоса нысанның құқық белгілейтін құжаты және қызмет үшін төлемнің жүргізілгені жөніндегі түбіртек. Жыл басынан бері төрт ай ішінде 85 мыңға жуық техникалық паспорт ХҚО, 3 900-ден астамы электронды портал арқылы жасалып берілді.
Жылжымайтын мүлік нысанының техникалық паспортын әзірлеу уақыты мүлік түріне қарай әр түрлі мерзімді құрайды. Мысалы, пәтерлер мен жатақханадағы бөлмелерге құжат үш жұмыс күні аралығында беріледі. Үйлер, гараждар, саяжайлардың техпаспорты жеті жұмыс күні ішінде әзірленеді. Ал ауданы 1000 м2 дейінгі нысандардың құжаты он күнде, 1000 м2 асатын жылжымайтын мүлік техпаспорты жиырма жұмыс күні аралығында дайын болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының
баспасөз қызметі
Тел.: 8 775 485 43 67
Мустафина Асель Сагингалиевна