«Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің Жарық нүктесіндегі «Өмір» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі жобасына БАСПАCӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына және «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция» мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 11 шілдедегі №2-12-4/100 ұсынысына сәйкес, Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі Жарық нүктесінде орналасқан «Өмір» шаруа қожалығының аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез аурының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары шешімін бекітуге ұсынылды.
«Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі Жарық нүктесіндегі «Өмір» шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz 2019 жылғы 12 шілдесінде, 2019 жылғы 12 шілдесінде e-gov ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.