«Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі Басшилі ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария» Заңының 10-1 бабына және «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Мұғалжар аудандық аумақтық инмпекция» мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 29 шілдедегі №2-12-4/113 ұсынысына сәйкес, Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі Басшилі ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары шешімін бекітуге ұсынылды.
«Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі Басшилі ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz 2019 жылғы 30 шілдесінде, 2019 жылғы 30 шілдесінде e-gov ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.