ХАБАРЛАНДЫРУ! Құрметті аудан тұрғындары!

2019 жылдың 13 тамыз күні сағ 10.00-де Қандыағаш қаласында орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында (Цон) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» өткізіледі. Жәрмеңкенің өткізілу мақсаты-мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы халықтың ақпараттандырылу деңгейін және қызметтерді электронды түрде алу үшін консультативтік-әдістемелік көмек беруді қамтамасыз ету.
Жәрмеңкеге ауданның жергілікті атқарушы органдары, аудандық орталық аурухана, байланыс торабы және аудандық кірістер басқармасының өкілдері қатысады.
Барлық аудан тұрғындарын жәрмеңкеге келіп қатысуға шақырамыз.
Өтетін орны: Қандыағаш қаласы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация ғимараты,
13 тамыз 2019 жыл, сағат 10.00-де.
«Мұғалжар ауданы әкімі аппараты» ММ