АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Лоттың №
Сауданы өткізу тәсілі мен әдісі
Құқықтан айыру түрі
Жер учаскесінің көлемі, га
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты
Жер учаскесінің орналасқан жері
Жалдау құны(1 жылға), теңге
Кепілдік соммасы, теңге
Бастапқы құны, теңге
12 қыркүйек 2019 жыл
1
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығын алу
3,289
Электр станциясын және электр беру желілерін салу және пайдалану үшін
Мұғалжар ауданы, Мұғалжар ауылы аумағынан
23 681
126 250
298 424
2
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығын алу
20,0
Теміржол тұйығымен бірге өндірістік база орналастыру және қызмет көрсету үшін
Мұғалжар ауданы, Мұғалжар ауылы аумағынан
144 000
126 250
1 260 000
3
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығын алу
28,7878
Кірме автожолымен бірге қиыршық тас зауытын орналастыру және қызмет көрсету үшін
Мұғалжар ауданы, Мұғалжар ауылы аумағынан
207 272
126 250
1 813 631
4
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығын алу
30,0
Құрылыс объектілерін
орналастыру және қызмет көрсету үшін
Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округі аумағынан
216 000
126 250
3 243 240
5
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығын алу
0,2500
Өндірістік базаны орналастыру және қызмет көрсету үшін
Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округі аумағынан
1 800
126 250
27 027
6
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығын алу
0,0800
Ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру және қызмет көрсету үшін
Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округі, Саға ауылы аумағынан
576
126 250
4 320
7
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығын алу
0,0800
Газ құю бекетін орналастыру және қызмет көрсету үшін
Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округі, Саға ауылы аумағынан
576
126 250
4 320
8
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығын алу
0,0012
Жарнама тақтасын орналастыру және қызмет көрсету үшін
Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округі, Жағабұлақ ауылы аумағынан
9
126 250
79
9
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығын алу
0,0012
Жарнама тақтасын орналастыру және қызмет көрсету үшін
Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округі аумағынан
9
126 250
130
10
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығын алу
2,8217
Оқшаулауды ауыстыру үшін
Мұғалжар ауданы, Құмжарған ауылдық округі аумағынан
20 316
126 250
126 977
11
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығын алу
0,0800
Ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру және қызмет көрсету үшін
Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округі, Саға ауылы аумағынан
576
126 250
4 320
12
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығын алу
0,1000
Ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру және қызмет көрсету үшін
Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Болашақ поселкасынан
7594
126 250
49 500
13
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығын алу
0,1000
Ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру және қызмет көрсету үшін
Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Самал шағын ауданы, 8 кварталдың алдынан
7594
126 250
33 000
Аукционды өткізу шарттары: Аукционды аукционшы өткізеді. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өткізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді. Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы сауда-саттық өткізу рәсімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді.
Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: Сатып алушы: Аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, «Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» ММ-мен тиісті әкімдік шешім (қаулы) қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға, игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті.
Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50% мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.
Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі. Кепілдік «Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» ММ-нің шотына ЕДБ арқылы аударылады. Төлем жүргізу үшін деректерді Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 16, 1 қабат, 109 кабинетінен алуға болады.
Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:
жеке тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты.
Заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжатты береді; 4) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты ұсыну қажет.
Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі.
Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Аукцион қатысуға өтініштер мына мекенжайда қабылданады: Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 16, 1 қабат, 109 кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (713 33) 3-58-37, 8 (713 33) 3-12-35.