«SUNRISE MINING» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау үшін жария сервитут белгілеу туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданы әкімдігінің «SUNRISE MINING» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау үшін жария сервитут белгілеу туралы» аудан әкімдігінің қаулысы бекітуге ұсынылды.
Мұғалжар ауданы әкімдігінің «SUNRISE MINING» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау үшін жария сервитут белгілеу туралы» қаулының жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылы 20 тамызында, e-gov. ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2019 жылы 21 тамызында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылғы 6 қыркүйегінде аяқталды. Есептемені қарау 42 бірлік, пікірлер болған жоқ.