«Жер қатынастар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» туралы

Ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап береді. Елбасының айқындап берген тапсырма, міндеттеріне сәйкес, 15.04.2013 жылы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданды.
Осыған орай, «Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы әкімі аппараты» ММ-де көрсетілетін мемлекттік қызметтердің түрлері: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» және «Жер учаскесін алу үшін кезкке қою» болып табылады.
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгеруге шешім беру» көрсектілетін мемлекеттік қызметтің түрі бүгінгі танда, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
Осы қызмет түрі бойынша қызмет алушының төменде көрсетілген қажетті құжаттар тізбесін тапсыруы тиіс:
Көрсетілетін қызметті алушы (не: заңды тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжат бойынша, жеке тұлғаның нотариалды расталған сенімхат бойынша уәкілетті): көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекетік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісі;
порталға:
1) осы мемлекеттік көрсетілет қызмет стандартына 1-қосымша сәйкес электрондық өтінім;
2) жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастырлық (бағалау) құнының актісі – құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыру құжаты туралы мәліметтерді, заңда тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы, жер учаскесіне сәйкестіндіру және құқық белгілеу құжаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші – және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тиісті мемлекеттік ақпарттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңдармен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
Көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, кеңседе тіркелгені туралы белгі болып табылады.
Мемлекеттік корпорацияға- көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
Порталға – «жеке кабинетке» мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі, сондай- ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.
Мемлекеттік корпарацияда дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжат (не: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның өкілетті өкілі) ұсынылған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік корпарация бір ай бойы нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті алушыға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпарацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпарацияға жібереді.
«Қандыағаш қаласы әкімі аппараты» ММ- нің жетекші маманы
А. Жетпісбай