«2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» қаулысы жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ

«Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» ММ «2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» қаулысы жобасын бекітеді:
1. 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы шешім жобасы бекітуге ұсынылады.
«2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» қаулысы жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2020 жыл 20 ақпан, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 21 қаңтар 2020 жылы орналастырылды. Мұғалжар ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2020 жылы 5 ақпандағы №13 хатымен алынды.