«Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі Жаркемер ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі жобасына БАСПАCӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына және «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция» мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 02-13-4/66 ұсынысына сәйкес, Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі Жаркемер ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары шешімін бекітуге ұсынылды.
«Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі Жаркемер ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz 2020 жылғы 13 сәуірде, 2019 жылғы 13 сәуірде e-gov ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.