«Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округінің Құмсай ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі жобасының БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 17 сәуірдегі №02-13-4/71 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округінің Құмсай ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімі бекітуге ұсынылды.
«Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округінің Құмсай ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz 2020 жылғы 20 сәуірінде, 2020 жылғы 20 сәуірінде e-gov ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.