«Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі Бұлақты ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі жобасынаБАСПАCӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 - бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 - бабына және «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция» мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 29 сәуірдегі №02-13-4/86 ұсынысына сәйкес, Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі Бұлақты ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары шешімін бекітуге ұсынылды.
«Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі Көбелей ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz 2020 жылғы 5 мамырында, 2020 жылғы 5 мамырында e-gov ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.