АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Мұғалжар ауданы әкімдігі 2020 жылдың 29 мамыры сағат 11:00-де Мұғалжар ауданы,
Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 16, №110 кабинетте
кәсіпкерлік нысандар құрылысы үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша аукцион өткізедіАукцион арқылы жалдау құқығын сатып беру үшін ұсынылған жер учаскелерінің тізімі
Лоттың №
Сауданы өткізу тәсілі мен әдісі
Құқықтан айыру түрі
Жер учаскесінің көлемі, га
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты
Жер учаскесінің орналасқан жері
Жалдау құны(1 жылға), теңге
Кепілдік соммасы, теңге
Бастапқы құны, теңге
29 мамыр 2020 жыл
1
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығын алу
0,0600
Ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру және қызмет көрсету үшін
Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, «Нұр Отан» ғимаратының жанынан
4556
138 900
29 700
2
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығын алу
0,0150
Ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру және қызмет көрсету үшін
Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, Болашақ поселкасының аялдамасы
1139
138 900
7 425
3
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығын алу
0,0500
Ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру және қызмет көрсету үшін
Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, Самал мөлтек ауданы, 3 квартал, №25 пен №27 үйлердің ортасы
3797
138 900
16 500
Аукционды өткізу шарттары: Аукционды аукционшы өткізеді. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өткізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді. Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы сауда-саттық өткізу рәсімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді.
Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: Сатып алушы: Аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, «Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» ММ-мен тиісті әкімдік шешім (қаулы) қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға, игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті.
Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50% мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.
Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі. Кепілдік «Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» ММ-нің шотына ЕДБ арқылы аударылады. Төлем жүргізу үшін деректерді Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 16, 1 қабат, 109 кабинетінен алуға болады.
Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:
жеке тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты.
Заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжатты береді; 4) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты ұсыну қажет.
Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі.
Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Аукцион қатысуға өтініштер мына мекенжайда қабылданады: Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 16, 1 қабат, 109 кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (713 33) 3-58-37, 8 (713 33) 3-12-35.