Аудан әкімі

Құрметті оқырмандар!
Мұғалжар ауданының ресми порталына қош келдіңіздер!
Қашаннан мәдениеттің бесігінде тербеліп, қазақ елінің ғасырлар тарихын қойнауында сақтап келе жатқан Мұғалжар тауының атымен аталатын біздің аудан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағдарламасына сай жұмыстар жүргізіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып отырған берекелі аймақтардың бірі.
Елбасының сындарлы саясатының арқасында аудан тірлігі жыл емес, ай санап үздіксіз өсіп келе жатыр.Ел экономикасы үшін елеулі маңызы бар бірнеше өндіріс орындары ашылып, ауданның қарышты дамыған экономикасы тұрғындардың әл-ауқатын бұрынғыдан да арттыра түсуге мүмкіндік беріп отыр.
Енді әрбір азамат осы және басқада жаңалықтарды жаңа технологиялар ғасырында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдана отырып, интернет желісінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жасақталған ресми-порталдан Мұғалжар ауданының күнделікті тыныс-тіршілігі, даму тенденциялары туралы маңызды мәліметтерді таба алатын болады.
Портал – Сіздердің сұраныстарыңызды толықтай қанағаттандырып, қажеттіліктеріңізді жедел ақпаратпен қамтамасыз етеді деген сенімдеміз.
Құрметпен, аудан әкімі Ербол Данағұлов