Мемлекеттік қызметке кіру бойынша ақпарат

Мемлекеттік қызметке кіру бойынша ақпарат
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізілді.
Заңның 26-бабына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін азаматтар мынадай іріктеу кезеңдерінен өтеді:
1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тесттен өту;
2) уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерін бағалату;
3) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс.
«Б» КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА ҮМІТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТІЛЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Бағдарлама
Тесттер
Шекті мәні
Лауазымдар санаттары
Жеке қасиеттерді
бағалауға арналған бағдарламалар
1
Мемлекеттік тілді білуіне арналған тестілеуде
20 сұрақ – 20 минут
0
А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-3, С-О-1,С-О-2,C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2
1 бағдарлама
Бағаланатын қасиеттер:
· Бастамашылық,
· Коммуникативтілік,
· Сараптамалық,
· Ұйымдасқандық,
· Стратегиялық ойлану,
· Көшбасшылық, әдептілік,
· Әдептілік,
· Сапаға бағдарлану,
· Тұтынушыға бағдарлану,
· Жемқорлыққа шыдамау.
120 сұрақ
(90 минут)
Шекті мәні ЖОҚ
1. Конституция (15 сұрақ);
5
2. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Заң (15 сұрақ)
5
3.«Қазақстан Республикасының
Үкіметі туралы» Заң (15 сұрақ)
5
4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң
(15 сұрақ);
5
5. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң (15 сұрақ);
5
6. «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заң
(15 сұрақ);
5
7. «Құқықтық актілер туралы» Заң
(15 сұрақ);
5
8. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заң
(15 сұрақ);
5
9. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заң (15 сұрақ).
5
10. Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ)
5
Бағдарламада барлығы – 155 сұрақ (130 минут)
Өту баллы–95
2
Мемлекеттік тілді білуіне арналған тестілеуде 20 сұрақ – 20 минут
0
B-5,B-6,C-4,
C-5,С-О-3,
C-O-4, C-O-5, C-O-6,C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3,E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2
2 бағдарлама
Бағаланатын қасиеттер:
· Бастамашылық,
· Коммуникативтілік,
· Сараптамалық,
· Ұйымдасқандық,
· Әдептілік,
· Сапаға бағдарлану,
· Тұтынушыға бағдарлану,
· Жемқорлыққа шыдамау.
96 сұрақ
(75 минут)
Өту мәні ЖОҚ
1. Конституция (15 сұрақ);
5
2. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Заң (15 сұрақ);
5
3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң (15 сұрақ);
5
4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң (15 сұрақ);
5
5. «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заң
(15 сұрақ);
5
6. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заң
(15 сұрақ);
5
7.«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заң (15 сұрақ);
5
8. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заң (15 сұрақ).
5
9. Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ)
5
Бағдарламада барлығы – 130 сұрақ (105 минут)
Өту баллы–78
3
Мемлекеттік тілді білуіне арналған тестілеуде
20 сұрақ – 20 минут
0
C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3,E-G-4
1. Конституция (15 сұрақ);
5
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң (15 сұрақ);
5
3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң (15 сұрақ);
5
4. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ);
5
5. . «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ);
5
6. «Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер туралы» Заң (15 сұрақ).
5
7. Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ)
5
Бағдарламада барлығы – 100 сұрақ (85 минут)
Өту баллы–50
Заңнаманы білуге арналған тестілеуден өту барысында шекті мәннен жоғары нәтижелер алған кандидат 20 минуттың ішінде автоматтандырылған жеке қасиеттерін бағалау тестілеуіне жіберіледі.
Автоматтандырылған жеке қасиеттерін бағалау шеңберінде кандидаттардың даму деңгейлері анықталады: жігерлілігі, коммуникативтілігі, талдамалылығы, ұйымдастырушылығы, мінез-құлқы, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы және сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздығы.
Заңнаманы білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша сертификат, жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері бойынша – қорытынды беріледі.
Олар бір жыл ішінде қолданылады және мемлекеттік органдармен әңгімелесу нысанында өткізілетін үшінші сатыға – жалпы конкурсқа қатысу үшін құжаттардың ажырамас бөлігі болып табылады.