Ереже

«Мұғалжар аудандық әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. «Мұғалжар аудандық әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген тәртіпте құрылған мемлекеттік басқару және үйлестіру функцияларын жүргізетін мемлекеттік орган болып табылады.
2. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, облыс әкімдігінің, әкімнің актілеріне, өзге де құқықтық актілерге, сондай-ақ мемлекеттік орган туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
3. Аппарат заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық Комитеті органдарында шоттары болады. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
4. Аппараттың құрылтайшысы «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеесі болып табылады. Аппараттың құрылтайлық құжаты осы Ереже болып табылады.
5. Аппарат қызметін қаржыландыру удандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
6. Аппараттың штаттық санының лимиті Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген бюджет есебінен ұсталатын қызметкерлердің еңбек ақысын қаржыландырудың бірыңғай жүйесіне сәйкес анықтайды және бекітеді.
7. Аппараттың штаттық саны аудан әкімімен штаттық кестесі бойынша еңбекақы қоры лимитінің шегінде бекітіледі.
8. Аппараттын мемлекеттік тілдегі толық атауы – «Мұғалжар аудандық әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Орыс тіліндегі толық атауы – государственное учреждение «Аппарат акима Мугалжарского района».
9. Аппараттың заңды мекен-жайы: индекс: 030700, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Интернациональная көшесі, 16.
2 тарау. Функциялары, негізгі міндеттері және құқықтары
10. Аппарат Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленген функцияларды (міндеттерді) жүзеге асырады.
11. Аппараттың негізгі міндеттері:
1) әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді;
2) әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясатты қалыптастыру және іске асыруды ұйымдастырады;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың орындалуына дербес жауапты болады;
4) лауазымға тағайындалған және босатылған қызметкерлердің жеке істерін жүргізу барысында материалдар рәсімдеу, олардың қызметтік тізіміне қажетті белгілер енгізу;
5) мемлекеттік қызметтегі кадрлардың мамандығын жетілдіруді және қайта даярлауды ұйымдастыру;
6) аппарат қызметкерлерінің аттестациялауын ұйымдастыру және өткізу;
7) тиісті мемлекеттік органдарға, мекемелерге және лауазымды тұлғаларға аудан әкімінің кеңесінің, әкімдік отырыс құжаттарын, аудан әкімінің актілері таратуды ұйымдастырады;
8) аудан әкімінің қатысуымен өткізілетін кеңестердің, әкімдік отырыстардың қаулыларын, хаттамаларының, аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін, аппарат басшысының бұйрықтарының жинақтарын дайындау;
9) мұрағаттық бағалы құжаттардың, осыған қажетті материалдарды және түпнұсқаларының сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
10) құжаттардың уақытылы орындалуын тексеріп, бақылау жүргізу;
12. Мемлекеттік мекеменің (аппарат) негізгі міндеттері мен құқықтарын және функцияларын жүзеге асыру, заң актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының басқа да ермативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.
3 тарау. Аппараттың мүлкі
13. Аппарттың жедел басқару құқығында дербес мүлкі бар. Аппарттың мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады және негізгі қорлары мен айналымдағы қаржыдан, сондай-ақ құны баланста көрсетілген басқа да мүліктен тұрады. Аппарат өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше оқшаулауға немесе басқа жолмен иелік етуге құқығы жоқ. Мүліктің иесі облыс әкімдігі болып табылады.
4 тарау. Аппараттың қызметін ұйымдастыру
14. Аппаратты Қазақстан Республикасының қолдданыстағы заңына сәйкес аудан әкімімен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын әкімі аппартының басшысы басқарады.
15. Аппарат басшысы лауазымды тұлға болып табылады және мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынасқа сенімхатсыз түсе алады.
16. Аппарат басшысы аппараттың жұмысын ұйымдастырып, басқарады және аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және қызметтерінің іске асырылуына жауапты болып табылады.
17. Осы мақсатта аппарат басшысы:
1) Аппарат қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтап, аудан әкіміне ұсынады;
2) Аппараттың кадр таңдау мен тағайындау жөніндегі жұмысын іске асырады;
3) барлық мемлекеттік органдар мен басқада ұйымдарда аппарат атынан сөйлей алады;
4) азаматтардың арыз, шағым, өтініштерін қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға шаралар алады;
5) аппарат қызметкерлерінің кәсіби дайындығын, мемлекеттік қызметтегі және кадрлық саясаттың жағдайына талдау жасау;
6) әкімге кадрлер жөнінде ұсыныс жасау;
7) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
8) келіп түскен құжаттарға талдау жасау;
9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес аудан әкіміне тікелей бағынатын органдарды құруға, қысқартуға немесе қайта ұйымдастыруға ұсыныс енгізу;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5 тарау. Аппаратты қайта құру және тарату
18. Аппаратты қайта құру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Аппарат таратылғаннан кейін мүлік, мүлік иесіне ауысады.