Әкім есебі 2013ж.

Мұғалжар ауданының әкімі С.Т.Шаңғұтовтың ауданның 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша есепті баяндамасының тезистері.
1. Ауданның экономикалық дамуы
1.1 Өнеркәсіп.
2013 жылы өнеркәсіп өндірісі бойынша 405 млрд 714 млн теңгенің өнімі өндірілді.
Негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі 125 млрд 366 млн теңге.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 61,8 млн долларды құрайтын жаңа 8 жоба іске асты.
2013 жылы 4 270 мың тонна мұнай, 2 936 млн шаршы метр газ, 905 мың текше метр қиыршық және түйіршік тас, 264, 8 мың текше метр табиғи құм өндірілді.
Ауданның теміржол көлігі арқылы 5 млн 601 мың тонна жүк тасымалданды.
1.2 Ауылшаруашылығы.
2014 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша – 42 330 бас ірі қара, 119 000 бас қой ешкі, 8 287 бас жылқы, 280 бас түйе, 680 шошқа, 60 000 құс қысқа түсті. 2013 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда ірі қара-103,0 пайызға, қой-ешкі-113,7 пайызға, жылқы-105,1 пайызға, түйе-106,4 пайызға, шошқа-101,5 пайызға, құс-105,5 пайызға өсті, ал ет-106,7 пайызға, сүт-101,1 пайызға, жұмыртқа-103,9 пайызға артық, ал жүн-100,0 пайызға өндірілді .
Мал тұқымын асылдандыру арқылы дұрыс, таза, сапалы өнімдер алу мақсатында 1 қала, 5 ауылдық округте қолдан ұрықтандыру пункттері жұмысқа кірісіп, қоғамдық табындарға 72 бас асыл тұқымды бұқа басқа аудандар мен облыстардан әкелініп қосылды.
«Сыбаға» бағдарламасы басталғаннан бері оған қатынасқан 27 шаруашылық несиеге 1001 бас ірі қара, оның ішінде 946 бас аналық, 55 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.
Аталмыш бағдарма бойынша ауылшаруашылық құрылымдары 2012 жылы 71,0 млн. теңге субсидия алса, 2013 жылы 120,0 млн. теңге көлемінде субсидия алды, немесе 169,0 пайызға артық алды.
2013 жылға жоспарланған барлық ветеринариялық – профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар 100 пайызға орындалды.
Егін шаруашылығы бойынша соңғы жылдары егін түсімінің өте нашар болуына байланысты егін саласы көрсеткіштері төмендеп кетті. Бүгінге аудан егіс егуші аудандар қатарынан шығарылуы себебінен дәнді дақылдар(бидай, арпа) тұқымдарын бөлу мемлекет тарапынан қысқартылды, осы уақытқа дейін егін егуге кеткен шығындарды ішінара өтеуге төлейтін субсидия төленіп келсе, ендігі жерде азықтық дақылдар еккен шаруашылықтарға ғана субсидия төленеді.
Өткен жылы себілген ауылшаруашылығы дақылдарының көлемі 11 590 гектар болды, оның 10 614 гектары жазғы дақылдар ( бидай 7 102 гектар, арпа-3 262 гектар,тары-150 гектар, сұлы100 гектар). Ал 1 жылдық мал азықтық дақылдар (суданка)-112 гектар, картоп-313,3 гектар, көкөніс, бақша өнімдері-205 гектарды құрады.
1.3 Кәсіпкерлік саласы.
2012 жылдың 12 айында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 3 299 болса, 2013 жылдың 12 айындағы олардың саны 3 343 дананы құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 44 бірлікке көбейген немесе 101,35 пайызға өскен.
2012 жылы шағын және орта бизнесте қызмет жасап жүрген жұмысшы саны 10 120 адам болса, 2013 жылдың аяғында олардың саны 11 050 адамға жетіп, 2012 жылмен салыстырғанда 930 жұмысшыға немесе 109 пайызға өскен.
Шағын және орта бизнес субъектілерінен аудандық бюджетке 2 816, 1 мың теңге көлемінде салық түсімдері түсті. Бұл 2012 жылғы көрсеткішке қарағанда 95, 6 пайызға артық.
Сонымен қатар 2013 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Ақтөбе өкілдігі және Ақтөбе облыстық «Атамекен» кәсіпкерлерімен жұмыс берушілер мен аймақтық ассоциациясымен бірігіп Қандыағаш және Ембі қаласында шеберлік-класстар және семинар-тренингтер 5 рет ұйымдастырылып (оның үшеуі жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, екеуі қызметте жүрген кәсіпкерлер үшін) арнайы сертификаттар берілді.
«Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы жүзеге асыру барысында Мұғалжар ауданы бойынша 2013 жылы 5 жоба мақұлданды.
Алынған несиені кепілдендіру – 1 жоба, құны 2,9 млн. теңге.
2013 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ АӨ арқылы ауыл тұрғындарына шаруашылықтарын дамыту үшін 9,5 жылдық пайызбен екі жылға дейін «Мурабаха» және бір жарым жылға дейін «Салам» бағдарламасы арқылы 3 адам 6 777 390 теңгеге дейін қаржы көлемінде несие берілді.
Еңбек рыногі және халықты әлеуметтік қолдау
2.1 Еңбек рыногі
Аудан бойынша 700 жаңа жұмыс орындары ашылып, жылдық жоспар 107,7 пайызға орындалды. (Жылдық жоспар - 650)
Өткен жылы 1240 жұмыссыз жұмысқа орналастырылып, жылдық жоспар 177,1 пайызға орындалды. (Жылдық жоспар- 700)
Жұмыссыз азаматтарды қосымша жұмыспен қамту шаралары бойынша жергілікті бюджеттен - 97073,3 мың теңге бөлінді, бөлінген қаржы мақсатты жұмсалып , 100 пайызға игерілді.
Атап айтқанда:
Аудан бойынша 883 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып (жылдық жоспар-400) жоспар - 220,7 пайыз орындалып, оларға жергілікті бюджеттен 40 373,9 мың теңге еңбек ақы төленді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына халықтың нысаналы тобына жататын 305 жұмыссыз орналастырылып (жылдық жоспар - 150) жоспар 203,3 пайызға орындалды, оларға жергілікті бюджеттен – 35 999,4 мың теңге еңбек ақы төленді.
Оған қосымша жастар тәжірибесінен - 239 жас маман мамандықтарына сай аудан аймағында орналасқан мекеме, кәсіпорындарға жолданып (жылдық жоспар- 220) жоспар 108,6 пайызға орындалып отыр, оларға жергілікті бюджеттен 20 700,0 мың теңге еңбек ақы төленді.
2.2 Әлеуметтік көмек
Аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті бюджеттен балалар жәрдемақысына 17 468,0 мың теңге және тұрғын үй көмегін төлеу үшін – 1 700,0 мың теңге қаражат қаралып барлығы - 19 168,0 мың теңге бөлінді.
Осы бөлінген қаражат жыл соңына дейін толық тағайындалып–100 пайызға орындалды.
Оған қосымша жыл басынан бері барлығы 1 559 адамға 5 536,0 мың теңгеге қайырымдылық көмегі көрсетілсе, материалдық әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін қарау жөніндегі аудандық комиссияның шешімімен аудандық ауруханада есепте тұрған, амбулаториялық емдеуде жүрген, туберкулезбен ауыратын аз қамтылған 37 адамға 630,0 мың теңге және мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы бойынша 7 мүгедекке 495,0 мың теңге барлығы 44 адамға 1 125,0 мың теңге материалдық көмек берілді.
2.3 Ардагерлер мен мүгедектерді қолдау
Жергілікті өкілетті органдардың шешімдерімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмектер үшін барлығы 2 418 адамға жергілікті бюджеттен – 73 314,3 мың теңге бөлініп, бөлінген қаражат толығымен игерілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қаулысына сәйкес, 38 мүгедекке Алматы протездік-ортопедиялық орталығына жолдама берілді, 33 мүгедекке сурдотифлотехникалық құралдары, 39 мүгедекке кресло-арба және жетекші құралдар, 96 мүгедекке міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етіліп, Шымкент қаласындағы «Денсаулық» емдеу сауықтыру орталығына жолдамамен емделуге 30 мүгедек жіберілді.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанында жалғыз басты жалғыз тұратын қарттар мен мүгедек балалардың үйлеріне бару арқылы көмек көрсетілетін әлеуметтік 3 бөлімше бар, онда 237 жалғыз тұратын жалғыз басты қарттар мен 50 кемтар бала есепте тұр, оған 3 бөлімше меңгеруші және 37 әлеуметтік қызметкер типтік жобаға сәйкес әлеуметтік қызметтің түрлерін көрсетіп келеді.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» № 221 Заңына байланысты өткен жылы әр түрлі көмектер сұраған 479 жеке тұлғалардың өтініштері тіркелді.
2.4.«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының аясында жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған азаматтар қатарынан 2013 жылы 710 адам есепке алынды.
Бағдарламаның бірінші бағыты «Ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту» бойынша ауданда 14 әлеуметтік нысанға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 230,3 млн. теңге қаражат бөлінді. Жөндеу жұмыстары жүргізілген нысандардың 13-і білім және 1-уі денсаулық сақтау саласына жатады. Осы жұмысты орындау барысында барлығы 174 жұмыс орыны құрылып, оның 88–і ереже бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен қабылданып, тапсырма 113 пайызға орындалды.
Бағдарламаның екінші бағыты «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу». 2013 жылы аудан бойынша кәсіпкерлік негіздерін 20 адам оқып, сертификат алып шықты, немесе жылдық жоспар (20 адам) 100 пайызға орындалды.
3-тоқсанда 21 үміткерге 30,0 млн. теңге шағын несие берілді, немесе бөлінген қаражат толық игерілді. Шағын несие алғандар ішінен 7 шаруа қожалығына жетіспейтін инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылым баламалы энергия көзі күн генераторын сатып алуға 10 млн. теңге бөлініп, игерілді.
Бағдарламаның «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру» үшінші бағыты бойынша ағымдағы жылы 253 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру үшін 2013 жылға 21 593,0 мың теңге қаржы жоспарланған. Бұл қаражатқа 2012 жылғы 50 адамның әлеуметтік жұмыс орынындағы жұмыстарын жалғастыруға және 90 адамға жаңадан әлеуметтік жұмыс орнын құруға, немесе 140 адамды әлеуметтік жұмыс орнымен қамтуға жоспарланған болатын. Бұл қаржы толық игеріліп, 151 адам әлеуметтік жұмыс орнында еңбек етуде. Жоспар 107 пайызға орындалды.
Өткен жылы жастар тәжірибесіне 16 693,0 мың теңге қаржы бөлінді. Бұл қаражат 10 адамның жастар тәжірибесін жалғастыруына және 80 адамды жаңадан жастар тәжірибесіне қабылдауға, немесе 90 адамға қарастырылды. Бұл қаржы толық игеріліп, 140 адам жастар тәжірибесін өтуде, немесе жастар тәжірибесімен қамту жоспары 155 пайызға орындалды.
Жаңа талап бойынша биылдан бастап кәсіптік оқуға жіберу жұмыс берушілердің оқитын адамды оқуын бітірген соң тұрақты жұмыспен қамтитын кепілдігімен жүзеге асырылады. Осыған байланысты ауданымыздың 29 (жоспар 29 адам) тұрғынына кәсіптік білім алуға жолдама берілді, соның ішінде облыс орталығының кәсіптік мамандар дайындайтын колледждеріне кәсіби даярлауға - 29 адам (аспаз мамандығына-12 адам, ветеринар санитар мамандығына-11 адам, автослесарь мамандығына-5 адам, электрик мамандығына-1 адам) 10 айлық күндізгі бөлімдеріне оқуға түсті.
3 айлық қайта даярлау курстарына Ақтөбе техникалық колледжіне 20 адамға (газ қазандығының операторына-17 адам, сатушы-бақылаушы-кассирге-3 адам) жолдама берілді және бұл мақсатқа бөлінген 2 897,0 мың теңге жоспарға сай 2013 жылы толық игерілді. Бүгінгі күні қайта даярлау курстарынан өткен азаматтар тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.
3.Білім беру саласы.
3.1. Білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту, жөндеу жұмыстары
2013 жылдың қыркүйегінде білім бөліміне қарасты 24 орта,15 негізгі және 4 бастауыш, барлығы 43 жалпы беретін мектептердегі оқушылар саны- 9 881.
Ал, мектепке дейінгі ұйымдар саны 21-ге жетіп, ондағы бүлдіршіндердің саны 2 256 бала, мектеп жанындағы шағын орталықтар саны-66, онда 1 568 бала қамтылған. Жалпы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі ұйымдарға қамту-83,6 пайызды құрайды.
2013 жылы қыркүйекте Еңбек ауылдық округіне қарасты Басшилі ауылында Ы.Мұхамеджанов атындағы негізгі мектебі 100 орындық жаңа ғимаратқа көшірілді.
Қандыағаш қаласы «Болашақ» мөлтек ауданында 320 орындық балабақшаның жаңа құрлысы басталды, бұл ғимарат 2014 жылдың 01 қыркүйегінде пайдалануға беріледі.
Бұдан басқа 2014 жылы Ембі қалалық №1 орта мектебінің 320 орындық және Ембі қаласынан 320 орындық балабақша ғимараттарының жаңа құрылыстары басталады.
2013 жылы Қандыағаш қалалық №1 орта мектебіне облыстық бюджеттен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 110 000,0 мың теңге бөлініп игерілді.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша: бірінші траншпен Республикалық бюджеттен бөлінген 46 292,0 мың теңге қаржыға Ақкемер, Құмсай, Абай атындағы Покровка орта және Көтібар батыр негізгі мектептері;
екінші траншпен бөлінген 141 288,0 мың теңге қаржыға Қандыағаш қалалық № 2, Қандыағаш қалалық №3 мектеп гимназиясы, Талдысай, Қ.Жұбанов атындағы және М.Ломоносов орта мектептері;
үшінші траншпен бөлінген 33 686,0 теңге қаржыға Құмжарған, Юбилей орта, Еңбек және Сергеевка негізгі мектептері күрделі жөндеуден өтті.
3.2. Білім сапасы және ҰБТ көрсеткіші
Шеберлікті дамыту жобасы аясында Кембридж бағдарламасымен оқыту курстарының жоспарына сәйкес аудан педогогтары 2,3 деңгейлік 3-айлық курстарда оқыту жұмыстары жүргізілуде. Кәзіргі таңда үшінші деңгейлі 2 санаттағы мұғалімдер үшін ұйымдастырылған үш айлық курстан 72 мұғалім оқыды, бөлінген қаржы-12 886,0 мың теңге толық игерілді. Кембридж бағдарламсымен оқып келген мұғалімдер, үйренгендерін өз тәжіриебесінде кеңінен қолданып сабақ өткізіп жүр.
Биылғы оқу жылында электронды оқытуды кең көлемде меңгерту жаңашылдық болып табылады.
Қандыағаш №1,2,3 орта мектептерінде «E-learning» электронды оқыту жүйесіне енгізілуіне 2 489,0 мың теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың 04 және 06 маусымында Қандыағаш қаласындағы № 137 ҰБТ филиалында өткен тестілеуге 24 орта мектептен 434 түлек қатысты, бұл жалпы түлектер санының 73,2 пайызын құрайды. (2012 жылы 459-74,5 пайыз)
Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінің түлегі- Елемесова Ақгүл 2013 жылы Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласында өткен Халықаралық ғылыми жобада 3 орын иеленіп ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен ҰБТ босатылды.
Аудан бойынша ҰБТ қорытындысының орташа балы 78,3 балл құрады, 2012 жылмен салыстырғанда 0,4 балға артты. Ал облыс бойынша орташа көрсеткіш – 76,8.
«Алтын белгі» аттестатына иегерлердің саны-18 түлек, Бұл жалпы үміткерлердің-60 пайызы.
"Үздік" аттестат иегерлерінің саны-4 түлек , бұл жалпы үміткерлердің-16,6 пайызын құрайды.
Республикамыздың жоғары оқу орындарына 2013 жылы 112 түлек қабылданып, Мемлекеттік грант иегері атанды.(2012жылы-87 түлек).
3.3. Күн көрісі төмен отбасы балаларын қамқорлыққа алу
Мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыруда бірқатар жұмыстар атқарылды. 2013 жылдың қортындысы бойынша жалпы білім беретін мектептердің 9 158 оқушысы ыстық тамақпен қамтылды немесе барлық оқушылар санының 92,8 пайызын құрайды. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда-7,1 пайызға артқандығын көрсетті.
Жергілікті бюджеттен «Жалпыға міндетті оқыту» қорынан аз қамтылған отбасы балаларына 2013 жылы 58 млн 602 мың теңге қаралып игерілді, оның ішінде 49 млн 895 мың теңгеге 709 жағдайы төмен отбасы балалары тегін тамақтанса, 8 млн 706 мың теңгеге 680 оқушыға тегін киім-кешектер сатып алынып берілген.
Бастауыш кластардағы оқушылар саны 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылды. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедек, тубьражды балалар үшін ақысыз тамақтану ұйымдастырылды.
Үйден оқитын 6 мүгедек балаға компьютер жабдықтары сатып алынып берілді.
3.4. Дене тәрбиесі және спорт
Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін қызметтегі 162 спорттық құрылғылар желісі жұмыс істейді, оның ішінде 2 стадион, 39 спорттық зал, 44 спорттық жазық алаң, 4 ату тирлері бар. Бұдан басқа 2 балалар жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды. Қалалық және селолық округтерде спорт мектептерінің филиалдары жұмыс жасауда. Қандыағаш қаласындағы балалар жасөспірімдер спорт мектебінің 2-ші қосымша спорт залы бар. Онда; футбол, волейбол, гір спорты, баскетбол секциялары бойынша бапкерлер бекітіліп, жүйелі түрде белгіленген күндері мекеме және кәсіпорын қызметкерлері спортпен айналысады.
Жыл бойы жалпы аудан бойынша 488 спорттық – бұқаралық іс-шаралар өткізілсе, оның 245 і селолық жерлерде өткен шаралар, оған 16 000-нан астам адам қатынасқан.
Ауданда тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үлесі 18,7 пайызды құрайды (12 233 адам).
2013 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Ақтөбе облысы бойынша өткізілген іріктеу жарысына 15 адам қатысып, 3-і жүлделі орынды иеленді. Е.Қойшыбаев, А. Жангелді «Жас барыс» республикалық турниріне жолдама алып, жеңімпаз атанды.
2013 жылдың желтоқсан айында бокстан Қазақстан Республикасының аймақтық жарысында Тоқмырза Нұрлыбек күміс тақса, Павлодар қаласында 1999-2000 жылғы туылған қыз балалар арасында өткен футбол жарысында қыздар командасы топ жарды. Жеңімпаз қыздар Қазақстан Республикасы спорт шеберлігіне үміткер атағын иеленді.
1998 жылы туылған балалар арасында өткен дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионатында Бағытбергенов Жанболат чемпион атанса, Түркістан қаласында Еркін күрестен өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында Қартпаев Мейрамбек пен Медина Асқар күміс тақты.
2013 жылы – 17 спортшы «Қазақстан Республикасының спорт шебері», 37 спортшы спорт шеберлігіне үміткер атағына ие болды.
Гандыболдан белгілі жаттықтырушы Е.А.Әміржановтың шәкірттері Қазақстанның супер лигасында өнер көрсетіп биіктерден көрінуде.
Ол жетекшілік жасайтын Қандыағаш қаласының «Намыс» командасы 2013 жылы да чемпиондық атақты жеңіп алып, Қазақстан Республикасының 2 дүркін чемпионы атанды, 3 ойыншысы ҚР құрама командасына қабылданды.
4.Денсаулық сақтау саласы
Аудан тұрғындарына медициналық қызметті 40 медициналық мекеме көрсетеді: Мұғалжар аудандық орталық ауруханасы, Ембі қаласындағы аудандық аурухана, жеке медициналық мекеме «Шапағат» ауруханасы, аудандық туберкулез ауруханасы, 13 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 23 медициналық пункт. Оларда 123 дәрігер, 382 орта буын медициналық қызметкер қызмет атқарады.
Аудандық аурухананың перзентхана бөлімі екінші дәрежелі перзентхана болып саналады. Өткен жылы ауданаралық травматологиялық бөлім ашылып, инсульттық центр ашу жоспарланыпп отыр.
Соңғы жылдар ішінде медицина саласына бөлінген қаражаттар жылдан жылға ұлғаюда. Кейінгі жылдары 4 медициналық мекеменің ғимараты жаңадан салынды. Елбасының «100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасы бойынша 1 медициналық пункт Аккемерде, Жағабұлақ ауылында 1 дәрігерлік амбулатория ғимараты іске қосылды.
Тұрғындарға уақытылы медициналық көмекті қамтамасыз ету мақсатында жедел жәрдем бөлімшілері толығымен автокөліктермен қамтамасыз етілген.
Елбасының трассалық медицинасын дамыту бағдарламасын орындау барысында ауданымызға 1 Реанимобиль автокөлігі бөлінді. Аудан тұрғындарына сапалы, жоғары мамандандырылған медициналық көмекті жақсарту жолында аудандық телемедицина орталығы, жылжымалы медициналық кешен, маммограф құрылғысы, лопороскопиялық қондырғылар алынып халыққа қызмет көрсетуде. Осындай заманауи қондырғылармен халыққа қызмет көрсету үшін медициналық мамандар қайта дайындау курстарынан үнемі өткізіліп тұрады. Өткен жылы 3 маман шет елдерде біліктілігін артырды.
2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазқстан» бағдарламасын іске асыру үшін аудан бойынша 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық бағдарлама қабылданды, нәтижесінде аудан тұрғындары арасында демографиялық және аурушандық көрсеткіштері едеуір жақсарды.
Туберкулез және ВИЧ (СПИД) ауруларымен ауыратын науқастарға медициналық көмек беру қызметі жетілдірілу үстінде.
Сәбилер арасында өлім жағдайларын азайту бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізілуде.
Осындай қызметтер арқасында аудан көлемінде денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер өте көп.
5. Мәдениет саласы.
Ауданға қарасты бүгінгі таңда 40 мәдениет мекемелері мен кәсіпорындары жұмыс жасайды. Оның ішінде 20 мәдениет үйі мен клуб, 17 кітапхана, 2 мұражай, 1 саябақ халыққа қызмет көрсетеді.
Ауданда 9 «Халықтық», 1 «Үлгілі» атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдары жүйелі жұмыс жасап келеді. Олар: театр, ұлт – аспаптар оркестрі 2, «Триумф», «Алтынзер» бишілер тобы, хор ұжымы, «Қарлығаш» қыздар вокал тобы, «Көкай» әуесқой әзіл – сықақ отауы, «Үлгілі» атағы бар «Құралай» бишілер тобы. Сонымен қатар 2012 жылы жаңадан құрылған «Жасын» вокалды инструментальдық ансамблі «Халықтық» атағын алды.
Ауданда өз ғимараты бар мәдениет мекемелерінің үлесі 80 пайызды құрайды.
Мұғалжар аудандық орталық кітапхана жүйесінде 2013 жылдың аяғында 17 кітапхана жұмыс жасайды. Аудан бойынша 2013 жылдың негізгі көрсеткіштері: кітапхананың кітап қорына келіп түскен әдебиеттер саны – 2052. кітап қоры – 385 838 мың дана, барлық оқырман саны – 38362, берілген кітап саны – 608 459, келушілер саны – 260588. Өткізілген мәдени шаралар саны - 452.
Өткен жылдың алғашқы жартыжылдығында интернетті пайдаланушылар саны 174 болса, 12 айында интернетті пайдаланушылар саны 196 жетті.
6. Қоғамдық тәртіп
Мұғалжар ауданы бойынша 2013 жылы барлығы 611 қылмыс тіркелді, (2012 жылы – 316 қылмыс), яғни 253 қылмысқа немесе 70,7 пайызға өскен.
2013 жылдың 12 айы ішінде 288 қылмыс ашылмай қалып отыр, (2012 жылы -108 қылмыс іс). 2013 жылы жалпы қылмыстардың ашылуы 62,9 пайыз болса, 2012 жылдың салыстырмалы уақытында - 51,7 пайызды құраған.
Аудан аумағында бөтеннің мүлкіне қол сұғу қылмыстары жиі орын алып тұрады.
2013 жылы -50 пәтер ұрлығы тіркелген, (2012 жылы-35 қылмыс), яғни 15 қылмысқа немесе 42,9 пайызға өскен. 2013 жылы-19 қылмыс ашылмаған, (2012жылы- 5 қылмыс). Ашылуы 2013 жылы 50,0 пайызды құраған.
Қәзіргі таңда бөтеннің мүлкін ұрлауға жол бермеу, соның ішінде пәтер ұрлығын болдырмау мақсатында Қандыағаш қаласы бойынша ЖШС КСБ «Формат» қызметкерлерімен бірлесе отырып алдағы уақытта пәтерлерді, жеке үйлерді күзетке тапсыру үшін үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Қандыағаш қаласы бойынша ЖШС «КСБ Формат» күзетінде бүгінгі күнде барлығы 52 нысан пульттік күзетке тапсырылған, оның 15 нысаны жедел шақыру дабылымен қамтамасыз етілген. Жоғарыда көрсетілген 52 нысанның 16-сы бейне камерамен қамтамасыз етілген.
Өткен жыл ішінде ауданымызда сарбаздардың көмегімен 10 тәртіп бұзушылық анықталған. Сонымен бірге қала көшелеріне күл-қоқыстарын тастағаны үшін учаскелік инспекторлармен 2276 хаттама жасалып, қоғамдық орындарды ластағаны үшін 127 хаттама толтырылған.
Қылмыстарға жедел түрде ден қою мақсатында Қандыағаш қаласының халық көп шоғырланатын орындары мен криминогенді деп саналатын аймақтарда орнатылатын 20 бейнебақылау камераларын іске қосу жұмыстары жүргізілуде.
7. Коммуналдық сала, және тұрғын үй құрылысы
2012 жылы аумақтарды дамыту бағдарламасына сәйкес республикалық бюджет көзінен Қандыағаш қаласының кәріз жүйесін және имараттарын жаңғырту жұмыстарына барлығы 555 492 мың теңге қаражат қарастырылып, 2012 жылы республикалық бюджеттен 459,0 млн теңгесі бөлініп игерілді. Өткен жылы қалған 75,7 млн теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жыл соңында аяқталды. Нәтижесінде 36,4 шақырым кәріз жүйесі және 6 кәріз айдау бекеті жаңартылды.
Өткен жылы Қандыағаш қаласының биотазарту имараттарын қайта жаңғырту жұмыстарына 308,0 млн. теңге қаражат бөлініп, игерілді. Атқарылған жұмыстың арқасында 3000 және 6000 м3 биотазарту имараттары жаңартылды.
Жем қаласының кәріз жүйесінің тозығы жетуіне байланысты 2013 жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 86 874 902 теңге қаражатқа 7 шақырым кәріз жүйесі жаңартылды.
Қандыағаш қаласында үш, Ембі қаласында екі спорт алаңы ашылып, Қандыағаш қаласы көшелеріне екі бағдаршам орнатылды.
Коммуналдық меншікке алынған Ащысай ауылынан - 6, Ақкемер ауылынан – 4, Көктөбе ауылынан – 2, Жарық – 3, Елек ауылынан – 3, Құмсай ауылынан – 2 және Жамбыл ауылынан – 2 қоғамдық құдықтарға күтім жұмыстарын жасау үшін жергілікті бюджеттен 3,0 млн теңге қаражат бөлініп, күту жұмыстары, яғни құдықтарды тазарту, қақпақтарын алмастыру, су тартқышын жаңарту, дезинфекция жұмыстары жүргізілді.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылы Сағашилі ауылының кіре беріс автокөлік жолына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Республикалық бюджеттен 2 794 000 теңге және Қайыңды ауылының көшелерін жарықтандыруға Республикалық бюджеттен 1 215 000 теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
«Білім объектілерін реконструкциялау және салу» бағдарламасы бойынша жыл басында 247 486,0 мың теңге (республикалық бюджеттен – 100000,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 147 486,0 мың теңге) бөлінді.
Соның ішінде Қандыағаш қаласындағы 320 орындық бала –бақша ғимаратының құрылысына 110 000,0 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда толығымен игерілді, құрылыстың аяқталуы 2014 жылдың қыркуйек айына жоспарланып отыр.
Басшилі ауылындағы 100 орындық негізі мектеп ғимараты құрылысына жергілікті бюджеттен 2012-2013 жылдар аралығында 188 305,7 мың теңге бөлініп, толығымен игеріліп, құрылысы аяқталды.
Мұғалжар ауданының Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және (немесе) сатып алу бағдарламасы бойынша Мұғалжар ауданында 11 бір пәтерлік коммуналдық тұрғын үйге (Ақкемер ауылында 2 бір пәтерлік жалдамалы коммуналдық тұрғын үй, Мұғалжар ауылында 2 бір пәтерлік жалдамалы коммуналдық тұрғын үй, Қандыағаш қаласы Самал шағын ауданында 3 бір пәтерлік жалдамалы коммуналдық тұрғын үй, Бірлік ауылында 2 бір пәтерлік жалдамалы коммуналдық тұрғын үй, Жағабұлақ ауылында 2 бір пәтерлік жалдамалы коммуналдық тұрғын үй) жыл басында (республикалық бюджеттен – 56000,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 2865,0 мың теңге) 58 865,0 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды.
Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу бағдарламасы бойынша Ембі қаласына электр, Қандыағаш қаласы Самал мөлтек ауданының су және газ құбырларын жүргізуге (республикалық бюджеттен 120 886,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 1263,4 мың теңге) 122 149,4 мың теңге бөлінді.
«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыттағы шеңберінде жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға мен жайластыруға» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен күн шуақты батареялар сатып алуға 10 000,0 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда толық игерілді.
8. Жер қатынастары.
Мұғалжар ауданының жер көлемі 2 786 180 гектарды құраса, оның ішінде 2013 жылдың аяғында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 829587 гектарды құрайды, оның 17715 гектары егістік, 33758 гектары тыңайған жерлер, 4225 гектары шабындық, 766172 гектары жайылым жерлер. 2013 жылдың аяғына аудан бойынша 13382 жер пайдаланушының 932262 га жер учаскесі тіркелген, соның ішінде 387 шаруа қожалығының 516526 га , оның ішінде 10896 га егістік жер учаскесі, 29 жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 247395 га, оның ішінде 6791 га егістік жер учаскесі, 8 мемлекеттік емес мекеменің 65598 га жер учаскесі, 95 өнеркәсіп мекемелерінің 37738 га жер учаскесі бар.
2013 жылы аудан бойынша жаңадан 17 шаруа қожалығы ашылып, оларға 27673 га жер учаскесі, 23 шаруа қожалығына қосымша 38490 га жер учаскесі берілді, 44 шаруа қожалығы жабылып, 40374 га жер учаскесі кейін қайтарылып алынды, оның ішінде 3 шаруа қожалығының 2390 га жер учаскесі жалға алу мерзімінің бітуіне байланысты қайтарылды, 2013 жылы жер учаскесін сұраған, бас тартқан заңды тұлғалардан 181 арыз, жеке тұлғалардан 168 арыз тіркеліп, уақытында жауаптары беріліп, жер учаскесіне құқық беру және тоқтату туралы 247 қаулы жобасы дайындалды, жер учаскесіне құқықты табыстау тәртібін қарайтын комиссия отырысына 843 хаттама дайындалды,1039 жерге орналастыру жобасы бұйрықпен бекітіліп, 200 сараптама дайындалды. 2013 жылы 94 жер пайдаланушыға 95 жер учаскесі 50 млн 831 мың 257 теңгеге сатылып, 365 жер пайдалушыға 375 жер учаскесі 5 млн. 87 мың 641 теңгеге жалға берілді.
Ауданымызда 2005 жылдан бері жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұраған 2359 арыз тіркеліп, 2013 жылы 130 жер учаскесі бөлінді. Сонымен қатар Қандыағаш қаласы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелерінен 2013 жылы өз мақсатында пайдаланбай отырған 29 жер учаскесі анықталып, соның ішінен 2 жер учаскесі Қандыағаш қаласы әкімінің шешімімен кейін қайтарылып алынды, қалған жер пайдаланушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
9. Жергілікті бюджеттің орындалуы
2014 жылдың 01 қаңтарына кіріс бөлігі жоспарланған 8717510,0 мың теңгенің 8792958,0 мың теңгесі аудан бюджетіне түсіп, 100,9 пайызға орындалды. Оның ішінде аудан бюджетіне түскен кіріс көзінің салықтық түсімдері 8613906,3 мың теңгеге орындалып, 45983,7 мың теңге артық түсті, ал салықтық емес түсімдер бойынша жоспарланған 7620,0 мың теңгенің орнына 127041,2 мың теңге түсті. Жер сатудан 50 000,0 мың теңгенің орнына 52010,5 мың теңге түсіп, жоспар 104 пайызға орындалды.
Аудан бюджетінің шығыс бөлігінде жоспарланған 11077212,8мың теңгенің 11072849,6 мың теңгесі игеріліп, 100 пайыз құрады.Облыстық бюджетке алым ретінде аударылғаны 4734097,0 мың теңге.
Республикалық және облыстық бюджет бойынша бөлінген 2375421,4мың тенге трансферт жоспары 2372172,8 мың тенгеге игерілді, яғни 99,9 пайыз құрап, игерілмеген қаржы көзі 3248,6 мың теңге.
Аудан бюджетінің көлемінің жоспары 3965166,2мың тенге 3964051,6мың тенгеге игеріліп, 100 пайызға орындалды.
Аудан бюджетінің игерілген бөлігі төмендегідей мақсатқа бағытталды: Атап айтқанда, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың еңбек ақысы мен салық төлемдеріне, міндетті сақтандыруға арналған жарналарға, мектеп жанындағы интернаттар мен балабақшаларды азық-түлікпен және 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге, дәрi-дәрмектер және медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алуға, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің кеңсе құралдарына, қызмет көліктерінің жанар-жағар май шығындарына, коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтеріне, көліктік қызмет көрсетуге ақы төлеуге, үй-жайды жалға алу төлемдеріне, іс-сапарлар мен қызметтік сапарлар шығындары және басқа да бағыттар бойынша жұмсалды. Сонымен қатар әртүрлі сала бойынша құрылыс, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары жүүргізілді.
11. 2014 жылға арналған мақсаттар мен міндеттер
Алдағы жылы атқарылатын жұмыстардың тізбесі
2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриялық- инновациялық бесжылдық жоспарының шеңберінде іске қосылған өндірістік объектілердің толық жобалық қуаттылығына жеткізуге бағытталған іс-шараларды жүйелі ұйымдастыруды одан әрі жалғастыру;
Меншік түріне қарамастан ауылшаруашылық құрылымдарында мал басын көбейту мақсатында шаралар алу;
Мал өнімінің сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында арнайы ет өндіретін шаруашылықтардың санын көбейту;
Адамдар және мал арасында малдың жұқпалы ауруларының таралуына жол бермеу мақсатында мал қорымы жұмыстарын жақсарту;
Ауылшаруашылығы тауарларын дайындау, сақтау және өткізу мақсатында елді мекендерде жаңа сервистік дайындау орталықтарын құру;
Елді мекендерде мал сою бекеті мен мал сою алаңдарын салу;
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде ұсынылған жобаларға жан жақты қолдау көрсету арқылы, оларды қаржыландыруға ықпал ету;
Бизнес субъектілерінің санының артуына барынша қолайлы жағдай жасау;
Жем және Жаңажол орта мектептері жанынан мүмкіндігі шектеулі балалар үшін коррекциялық класс ашу;
Қандыағаш қаласында 320 орындық балабақша құрылысын аяқтау;
Ембі қаласында жаңа 300 орындық мектеп құрылысын бастау;
Жалпы білім беретін мектептердің материалдық техникалық базасын одан әрі жақсарту бағытында шаралар алу;
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында тұрғындардың 30 пайызының спортпен шұғылдануын қамтамасыз ету, спорттық шаралардың көптеп өткізілуі жөнінде шаралар алу, спорт залдары мен спорт алаңдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;
Ауыл тұғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру;
Тұрғындар арасында аурушаңдықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстардың ұйымдастыру сапасын көтеру;
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерге жас мамандарды тарту және тұрақтандыру шараларын алу;
Мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша белсенді шаралар қабылдау, «Жастар ресурс орталығы» мекемесін» құру;
Діни бірлестіктермен жұмысты жандандыру, саяси тұрақтылық пен халықтар достығын нығайту бағытында жұмыстар атқару;
Қандыағаш және Ембі қалаларының көшелерін күрделі және орташа жөндеуден өткізу;
2013 жылы басталған Ембі қаласына кіре беріс автокөлік жолының құрылысын аяқтау;
Ақкемер ауылына табиғи газ құбырын жеткізу;
Жұрын, Алтынды және Мұғалжар ауылдарын газдандыру жұмысын бастау;
Жем қаласы, Жұрын, Ақкемер ауылдарының бас жоспарларының жасалуын бастау;
Қандыағаш қаласы Жастық мөлтек ауданы тұрғындарын ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етуге қол жеткізу;
Қандыағаш қаласында иесіз қалған көпқатарлы тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың санын азайту;
Мұғалжар ауданында 3 сегіз пәтерлік жалдамалы коммуналдық тұрғын үйдің құрылысын бастау;
Сағашилі – Талдысай бағытындағы көтерме жолды орташа жөндеуден өткізу;
Ембі қаласы кәріз жүйесін қайта жаңғыртуды бастау;
Жем қаласы кәріз жүйесі құрылысын толық аяқтау және биотазарту имаратын қайта жаңғыртуды бастау;
Жем қаласының ауыз су жүйесін қайта жаңғыртуды бастау;
Бірлік, Қайыңды ауылдарының ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттарын жасақтауды аяқтау;
Қандыағаш және Ембі қалаларында терможаңғырту бағдарламасы аясында көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу;
Қандыағаш қаласында екі, Ембі қаласында екі бағдаршам орнату;
Елді мекендерді жарықтандыру, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жалғастыру;
Қандыағаш, Ембі, Жем қалалары мен ауылдық округ орталықтарында саябақтар ашу;
Егіндібұлақ-Ембі, Қаракөл-Ащысай, Ақкемер-Көктөбе, Талдысай- Еңбек, Жұрын- Қаракөл бағыттарындағы көтерме жол бойындағы көпірлерді күрделі жөндеуден өткізуге бағытталған шаралар алу;
Жем қалалық Мәдениет үйі және Жағабұлақ ауылдық клубы ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу.