Сельское хозяйство и ветеринария

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ
Жыл басынан бері ауыл шаруашылығының жалпы өндірілген өнім көлемінің өсімі 13,9 пайызды құрады.
Бүгінгі таңға, аудан бойынша 45,5мың бас ірі қара, 143,8 мың бас қой-ешкі, 15,7 бас жылқы, 50 бас шошқа, 268 бас түйе және 69,6 мыңбас құс тіркелген.
Биылғы жылы12 526,9 тонна ет, 36 060 тонна сүт,7 063,9 мың дана жұмыртқа және 366,8 тонна жүн өнімдері өндірілді. 2018 жылмен салыстырғанда ет өндірісі 6,6 пайызға, сүт, жұмыртқа 4,0 пайызға және жүн 1,2 пайызға артық орындалды.
Енгізіліп жатырған мемлекеттік бағдарламалар мен тапсырмаларды орындау барысында ауданда асыл тұқымды малдың үлесіде өсуде, атап айтқанда, ірі қара- 2,6 пайызды,қой- 3,9 және жылқы 30,6 пайызды құрады.
Мал басын көбейту шараларына ауданның 121 шаруа қожалықтарына субсидия төленіп отыр (өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артық).
Ағымдағы жылы шаруашылықтармен 13 трактор, 25 шөп шабу агрегаттары алынып, техникалар 11,0 пайызға және шөп шабу агрегаттар 26,0 пайызға жаңартылды.
Биылғы жылға берілген индикативтік тапсырмалар толығымен орындалып отыр, яғни, 14 ірі қара мал, 11 қой шаруашылығын құру және 8 құдық қондыру100 пайызға орындалды. Сонымен қатар,мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысындаірі қара және қой сатып алу жоспары толығымен қамтамасыз етілді.
Мал шаруашылығына 240,8 мың тонна мал азығы дайындалды.
Ірі қара мал шаруашылығының экспорттық потенциалын дамыту мақсатында Талдысай ауылдық округінде мал бордақылау алаңы арқылы 163,6 тонна сиыр еті және 22,7 тонна қой еті экспортқа жіберілді.
Аудан тұрғындарын көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында, биылғы жылы 650 га суармалы жерлер пайдаланылды, былтырғы жылмен салыстырғанда 26 га артық отырғызылды.
Добавлено: 
09.10.2018 - 05:00
Последние изменения: 
09.10.2018 - 05:00